Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 06.12.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

2018 жылдың 29 қарашасында облыс әкімінің төрағалығымен Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында 2018 жылы Сығанақ, Жанкент, Сортөбе, Бәбіш мола, Қышқала қалашықтарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысы баяндалды. Сонымен қатар Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасының презентациясы таныстырылды. Жиын соңында «Өз жеріңді танып біл!» бастамасын іске асыру және археологиялық зерттеу жұмыстарына жас еріктілер мен студенттерді қатыстыру бағытындағы меморандумдарға облыстық білім, кәсіпкерлік және туризм, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларымен Қорқыт ата атындағы ҚМУ және Қ.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті басшылары қол қойды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар
2 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
4 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.