Ұлт тарихын жаңғыртуға жаңа қадам

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.11.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлт тарихын жаңғыртуға жаңа қадам

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананың жаңғырту бағыттары мен қазақ тарихына оң көзқарас танытып, әлем тарихы алдында Қазақ тарихының айрықша екендігі баяндалды. Адамзат баласы қазақ жерін мекендегеннен бастап, сақ, ғұн, қаңлы, оғыз-қыпшақ хандықтары мен тайпалары осы территорияда өзіндік мәдениет үлгісін қалыптастыра білді. Түркі өркениеті көшпелілік қоғам қала мен дала мәдениетінің үлгісін қалады. Транзиттік дәліз ретінде Ұлы Жібек жолы сауда қатынастарын дамытып, қала мәдениетінің жандануына әкелді. Қазақ жерінде Тараз, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Жанкент сынды қалалар орта ғасырларда гүлденді және олардың өзіне тән тиын соғатын сарайлары болды. Мақалада айтылған ойлар ұлт санасын оятуда үлкен істерге жол ашады. Бұл бір жағынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қуаттайтын, жалғастыратын бірегей мақала болып отыр. Ұжым мүшелері Елбасы мақаласын талқылап, алдағы атқарылатын жұмыстың негіздемесін пысықтады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
2 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
3 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
5 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.