Warning: session_start(): open(/tmp/sess_kqs8ve0b8vqhs9gj5rmm2io8c1, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /sites/kyzylorda-pamyatniki.kz/manager/includes/config.inc.php on line 101
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 5 км.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Қарасопы Айқожа ишан, Марал ишан, Құлболды ишандармен бірге Бұхарада оқыған. Айқожа ишанның қарамағында жұмыстар атқарған. Сыр бойында өзі әулие болған. Кейін Айқожаның баласы – Атақожа Қарасопы кесенесін салдырған. Жергілікті халықтың айтуынша кесене ертеректе осында жерленген кісінің есімімен аталған көрінеді. Қарасопының ұрпақтарының айтуынша ол қайтыс боларының алдынды өзінің жатқан жерінің төбесінің ашық болуын, айналасы қоршалмауын аманат еткен деседі. Кейін кесене ішіне де қайтыс болған адамдардың денелері қойыла бастаған. Қарасопы Айқожа ишанның шәкірті, әулие кісі болған. Айқожа ишан Қарасопыны көзінің тірісінде Қаражан деп атаған. Желдей есіп жылдам жүретін Қарасопыны Айқожа ишан алыс-шалғайдағы халық арасына дінді уағыздауға және дау-дамайға төрелік жасауға жұмсап отырған.

Сипаттамасы: Қарасопы кесенесі XVIІI-ХІХ ғасырларда салынған. 1980 жылы «Қазпроектреставрация» институтының архитекторлары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кесене «Қарасопы» деп аталғанымен, бұл жерде Айқожа ишанның балалары Мамырайымшайық пен Ыбырайымшайық жерленген, ал Қарасопының өзі кесененің алдында тұрған қарапайым қоршауда жерленген. Кесене күйдірілген кірпіштен қаланған. Негізгі фасады оңтүстік-батысқа қарай бағытталып, портал түрінде безендірілген. Қасбетінің негізі оңтүстік-батысқа қарай қаратылып, портал түрінде жабдықталған. Кесененің сегіз айқышты, қас бетінің үсті негізгі қабырғадан биік өріліп, күмбезі, қабырға карниздері де өрнектелген. Жобадағы өлшемі 14х9 метр, биіктігі-9 м, үстінде 8 айшығы бар, шағын екі бөлмеден тұрады. Қабір жатқан бөлменің аумағы 12,34 х 8,70 м, қосалқы бөлме аумағы 6,50 х 5, м. Есігі құбылаға қараған. 2007 жылы кесенеге республикалық бюджет тарапынан қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Кесене «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында "өңірлік қасиетті нысандар" тізіміне енгізілген. Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасында кесене туралы ақпарат енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
2 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
3 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.

Error