Warning: session_start(): open(/tmp/sess_5et0p0mbo4u8ga01t1mhh9ns55, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /sites/kyzylorda-pamyatniki.kz/manager/includes/config.inc.php on line 101
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр

Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6,5 км.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 27.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Аңыз-әңгіме: Асан ата кесенесін Орталық Азияның барлық түркі халықтарының мұрасы деуге болады. Әйгілі ескерткіш мемлекеттік қайраткер, ақын және фәлсафашы Асан Қайғы Сәбитұлына арналып салынған. "Қайғы" лақабы «сормандай» дегенді білдіреді, бұл XIV ғасырдың соңында- XV ғасырдың ортасында өмір сүрген танымал ақын тағдырының айқын көрінісі. Қазақ аңыздары бойынша Асан Қайғы саяхатқа көп шығатын, Қоқан, Бұқара, Хиуа, тіпті қашықтағы қала Қашқарға барып қайтқан. Дала данасының басты фәлсафалық жолы халқын құрғақшылық, аурулар мен дұшпандар қорқыта алмайтын жерұйықты іздеу болды. Шығармашылық жолында жемісті болған кезең Асан Жәнібек ханның сарайында жырау (ақылшы) ретінде ұстаздық еткен.  Асан атамыз өзінің желмаясына мініп, жиһан кезіп, жасыл орманды, көкорай шалғынды, мөлдір сулы – елді жау шаппайтын, малға жұт келмейтін – суы мол, шөбі шүйгін, ауасы бал жерұйық мекенді, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын құтты қоныс іздеумен өткізеді. Ол ондай жер бар деп түсінеді. Жұрттың бәрі тең болса, шат-шадыман тірлік кешсе, ел аласы, ру таласы болмаса деп тілейді. Осы мақсатта ұлан-байтақ қазақ даласын аралап, барлық жерге өз бағасын беріп кетеді.

Осы сапарында Жиделі Байсынға (қазіргі Ташкент маңайы) келіп:

Әй, Жиделі Байсын, артыма бөктере кетер ем, әттең, атымның сауырына сыймайсың-ау, - дейді.

Ал, Сыр бойына, Ақмешітке келгенде:

Ей, Ақмешіт жерің тар екен, суың жар екен, әр бұтаңның түбінде бір кесек етің бар екен, - дейді. Ал, Түркістан қаласын, қасындағы Сауранды көргенде:

Әттеген-ай, қорғанды қорғай алмайтын тақырдың бетіне, шөлстанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, - деген екен.

Сипаттамасы: Сәулет жағынан кесене ғимараты кіреберісі мен күмбезі бар ортағасырлық ритуалды ғимарат. Негізгі құрылыс материалы ретінде саз ерітіндісінде күйдірілген кірпіш қолданылған. Кесене басына келген жамағат діни жоралғылар жасауына толық жағдай қарастырылған. Мұнда 200 адамға лайықты ас беру орны, түнеухана және Құран оқып, садақа салу үшін мешітте орналасқан.Сәулет жағынан кесене ғимараты кіреберісі мен күмбезі бар ортағасырлық ритуалды ғимарат. Негізгі құрылыс материалы ретінде саз ерітіндісінде күйдірілген кірпіш қолданылған. Күмбез және күмбез астындағы орын-жай 3,8 м және 6,98 м мөлшерлі берік тікбұрышты кіреберіске сүйенген. Жерден күмбез ұшына дейін ғимараттың ұзындығы 7,76 м. Күмбездің сегіз қырлы құрылысы бұрышты сүйірленген аркалардан тұрады. Кесененің ішкі интерьері цемент және саз ерітінділерімен әрленген қабырғалар.Алғаш рет 1997 жылы олардың аруағына арналып ас берілсе, содан бері сол игілікті іс лайықты жалғасын тауып келеді. Ақын Асанның қазақстандық құрметтеушілерінен бөлек кесенеге Орталық Азияның көптеген түркі елдерінің тұрғындары: өзбектер, қарақалпақтар, түрікмен мен қырғыздар келеді. Келушілер үшін Бәйгеқұм теміржол бекетінен автокөлік бағдары ұйымдастырылған.

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
4 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
5 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені, б.з.д. ІV-ІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.

Error