Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Баймұрат батыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Сыр өңірін Қоқан басқыншыларынан азат етуші әйгілі жүзбасы Көтібар Итаяқұлы өткен ғасырдың шамамен 1825-30 жылдар аралығында қазіргі Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылы төңірегінде дүниеге келген. (Бұрынғысынша айтқанда Перовск уезі «Царская» болысының жетінші ауылы). Кіші жүздің Жаппас руынан, оның ішінде Мойнақтың Құрымшы аталығынан тарайды. Әкесі Итаяқ ауыздан ауызға жеткен әңгіме бойынша дәулетті, мұрап болған кісі. Қазақ жеріне орналаса бастаған орыстар үшін «дипломды гидротехниктер» – мұрабтар сыйлы мамандық болған. 

Қызылорда қаласының орталығындағы «Сарқырама» каналын Көтібар Итаяқовтың қаздырғаны туралы деректерде айтылады. Оның үстіне Көтібар Қоқан хандығы бектерінің Сыр бойы халқына жүргізген озбыр саясатына қарсы тұрған адам. Ел ішінде «Арық ақсақал» атанған. Қоқан хандығы бектерінің Сыр бойын жаулап алу саясатына қарсы тұрып, орыс әскерінің қолбасшылары Перовский мен Колпаковскийге қолғабыс тигізген. Оның көрсеткен ерлігі, үлкен жәрдемі үшін «Орыс–қырғыз жүзбасы офицері» деген атағы берілген. ХХ ғасырдағы қуғын сүргін жағдайына тек қана Көтібар ғана емес, оның әулеті түгел іліккен еді. «Бай баласысыңдар» деген жаламен 1937-1938 жылдары Итаяқ әулетінің ұлдары Әлмағамбет, Пірмағамбет, Жанғабыл, Ибраhимдер іліккен. (Пірмағанбетов Ибраhим Ташкенттегі САГУ–дің жұмысшы факультетінде оқу ісінің меңгерушісі болып істеп, 1930-1940 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Ғабит Мүсіреповтың іс жүргізушісі болып та қызмет еткен. (Ол жайлы Қ.Жұмағалиевтің «Жайсаң жандар» атты естелігінде айтылған). Бұлардың ішінде дәм-тұзы таусылмай елге оралғаны Көтібардың ең кенжесі Жанғабыл Көтібаров болды. Көтібар ұрпақтары бүгінде Алматы, Қызылорда, Қостанай өңірлерінде тұрады. Омар, Әлмұхамед, Пірмағанбет, Нұрекеш пен Нәрекеш ұрпақтары бар. Алғашқы әскери қазақ дәрігері Әли Көтібаровтың атында Қызылордада көше бар. 

Сипаттамасы: Мұнара Қызылорда қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан ескерткіш құмдауыт жазық жердегі қорымда орналасқан. Көтібар мұнарасы қам кесектен тұрғызылған (10х17х27 см. 10 қатар+10жым-1,04м). Оның аумақтық өлшемдері: негізгі диаметрі – 4,1 м. Биіктігі 9,5 м. Мұнара бітімі жоспарында дөңгелек, төменгі бөлігі цилиндрлі, ортасынан сәл төмендеу жерден бастап күрт тарыла түскен, жоғарғы бөлігі кесілген. Ішкі қимасында төрт қоңырау тәрізді деңгей орналастырылған. Тас төбелік ойықтармен біріккен олардың әрқайсысының мұнараның ең биік – төмен парапетті (40 см) өте тар (10-15см) галереясына шығуға мүмкіндік бар. Алғашында жер бетінің деңгейінен биіктеу салынған ( шамамен бір жарым метрдей) және төбесі тік үшбұрышты болып келетін аркамен көмкерілген. Тар кіреберіс ойығы оңтүстікке бағытталған. Мұнара кесенеден кейін салынған. (1869 ж). Көтібар мұнарасы мен қасында орналасқан кесенесі – олар архитектуралық жерлеу және еске алу кешені болып табылатындығын көрсетеді.

Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/175) картасында мұнара туралы ақпарат енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
2 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
5 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.