Айқожа кесенесі
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік-батысқа 36 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Айқожа кесенесі, ХІХ ғасыр
Айқожа кесенесі Жаңадария ауылының оңтүстік - батысында
Аңыз бойынша, кесене сол аймақта бала оқытып, бар ғұмырын жергілікті тұрғындардың діни сауатын ашуға, Ислам дінін насихаттауға әрі имандылыққа тәрбиелеуге жұмсаған діни- ағартушы Айқожа есімді қожаның бейітінің басына тұрғызылған.
Аталған порталды - күмбезді кесене өлшемі 7х16х
Өлшемі: 6,5х 6,2 м., биіктігі - 5,1 м., қабырғасының қалыңдығы - 0,7 метр.
Казіргі уақытта кесененің бүкіл порталы мен сол жақ бағанасы қирап, құлап қалған.
Кұлпытас ( стела ) өлген адам қабірінің басына қойылатын тас белгі. Құлпытас қою дүние жүзінің барлық халықтарының салтында бар. Оның формасы әр түрлі: көбінесе ұзынша, төрт бұрышты болып келеді, түрлі өрнек салынып, қайтыс болған кісінің аты-жөні, туған, өлген жылы, айы, күні көрсетіледі. Құлпытас қою б.з.б. қола дәуірінен бері белгілі. Қарасу мәдениетіне жататын құлпытастардың сыртына адамның суреті, малдың басы салынған. Құлпытас қазақта сұртас деген мағынаны да білдіреді. Ежелде құлпытасқа адам бейнесін қашап өлікпен бірге қоятын болған. Бұл дәстүр ғұн заманы, түрік қағандығы, оғыз, қыпшақ, түргеш дәуірлерінде өнердің дамулы түріне айналды. Осы дәуірлерден сақталған құлпытастар әлі де кезігеді.
ХҮ- ХҮІ ғ.ғ. ислам дінінің қуат алуынан кейін бейнелі көктастардың орнына өрнекті сұртастар (көктас) қойылатын болды. Қазақта сұр, көк түстер адам жанының кәусар тазалығын, арулықты сипаттайды. Негізінен көктастар Батыс және Оңтүстік Қазақстанда көктеп кездеседі. Қызылорда облысында казіргі уақытта 50-ге жуық құлпытастар мемлекеттік есепке алынған.