Қаналы мешіті

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Абай ауылынан солтүстікке қарай 35 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қаналы мешіті,
ХІХ – ХХ ғ.ғ.

Мешіт пен минарет бір-бірінен 2 метр арақашықтықта орналасқан. Мұнара биіктігі 3 м. Сыртқы қабырға қалыңдығы – 60 см. Мешіттің жоспардағы өлшемі – 15,9х8,5 м. Қабырға биіктігі – 4 м. Құрылыс аумағы – 544 куб.м. Минарет көлемі – 87,6 куб. М. Бұл аталған ескерткіш зерттеуді және қайта қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Қаналы – Жаппас руының Қараша аталығынан шыққан, жйырма бес жасында болыстыққа сайланған адам. Қаналы елге сыйлы әрі жайлы болып, жйырма жыл бойы «Айнакөл» болысын Қазақ даласына даңқын шығарады. Қаналы мешітінің салынуы шамамен 1880 жылдарды меңзейді. Ел арасында «Ақша керек болса Қаналыға бар, ақыл керек болса Жаналыға бар» деген сөз ағайынды Қаналы мен Жаналының ел алдындағы беделінің, еңбегінің айғағы деуге болады. Қаналы 45 жасында Үш Жүздің басы қосылған үлкен жиында көз тиіп қайтыс болады. Ол кісінің сүйегі Қостанай өңіріндегі «Орқаш» деген жерде, «Бесмола» қорымында жерленген. Бұл кез 1926-1927 ж.ж. меңзейді. Мешіт жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері
3 / 5
Оқшы ата кесенесі
4 / 5
Қожан қожа мазары
5 / 5
Христос Спаситель шіркеуі

Ақпарат

    Записей не найдено.