Әлімбай кесенесі XІХ ғасыр

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 14 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Кесене – ішінде қайтыс болған адамның қалдықтары орналасатын камера және кейде мемориалдық зал, монумент, жерлеу құрылысы.

Кесенені жерлеуге арналған көптеген табыттардан тұратын ғимарат деп те атауға болады. Кесенелер жеке ғимараттар немесе үлкен бөлігі болуы мүмкін.

Түркі халықтары үйді, қоныс-тұрақтарды, төбесі жабылған құрылыстарды да кесене деп атаған. Сөз этимологиясына сүйенсек, ортағасырлық қыпшақтар – кезене, малқар мен қарашайлар – кешене, қырғыздар касана, қабардалықтар – чамана, ингуштар мен шешендер – каши деген. Қазіргі түріктер сәнді-салтанатты оңаша үйлер мен сарайларды “kaкane” дейді.Сипатттамасы

Сипаттамасы: Әлімбай кесенесі бір камералы кесене кесектен қаланған, пішіні төртбұрышты, бұрыштарымен әлемнің төрт тарапына қаралған. Өлшемі 5,8х5,6 м, қабырғасының қалыңдығы 1 м, биіктігі 5 м. Бұрыштарында биіктігі бетшесімен бірдей мұнаралар орнатылған. Бетше толық көлемді жасалған. Жерле камераның өлшемі 4х4 м. Кесене ішінен және сыртынан сыланған. Қазіргі уақытта жауын-жашын әсерінен сырқы қабаты бұзылып жатыр.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
3 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
4 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.