Кіші Қос асар қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Үлкен Қос асар қалашығынан оңтүстік-шығысқа 1,5 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Кіші Қос асар қалашығы.

Б.з.б. І ғ. - б.з. І ғ.

40 ж. Хорезм экспедициясы (С.П.Толстов) анықтап, 70 жылдары (Л.М.Левина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы зерттеді.

Қалашықтың жалпы аумағы шамамен 200х100 м. Оның көлемі 75х50 м болып келген бөлігі тікбұрышты үлкен қам кесектерден қаланған, биіктігі 10 м-ден асатын қабырғалармен қоршалған. Күмбезді айналмалы галереясы бар қамал қабырғалары екі қатардан тұратын ату ойығы мен алты мұнарамен нығайтылған. Мұнаралардың бесеуі тікбұрышты, оңтүстік қабырғадағы ортаңғы мұнара-дөңгелек пішінді. Ішкі қамалға кіретін қақпа солтүстік бөлікте орналасқан. Солтүстіктен, шығыстан және оңтүстіктен ішкі қамалға қалашықтың екінші алаңын қоршап жатқан бекініс қабырғасының үйінді жал түріндегі (биіктігі 1,5 м, ені 2 м) қалдықтары жалғасқан.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
3 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)

Ақпарат

    Записей не найдено.