ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚЫШҚАЛА ҚАЛАШЫҒЫНДА ПРЕСС-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 14.11.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚЫШҚАЛА ҚАЛАШЫҒЫНДА ПРЕСС-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

 2019 жылғы 30 мамыр күні Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылынан шығысқа қарай                   2 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық Қышқала қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарына байланысты пресс-тур ұйымдастырылды. Мақсаты – қалашық туралы кең-көлемді мағлұмат беру және зерттеу жұмыстарының нәтижелері жайлы ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу болып табылады. Пресс-турға өңірдегі БАҚ-ы «QYZYLORDA», «ҚоғамТВ»  телеарналары, Әлімсақ журналы және Сыр бойы, Халық газеттерінің тілшілері қатысты. Қышқаладағы қазба жұмыстары 2018 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен  жүзеге асырылып келеді.  Экспедиция жетекшісі - белгілі археолог, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Мадияр Елеуов. Пресс-тур барысында М. Елеуов биылғы жылғы жалғасын тапқан қазба жұмыстарының барысы, аршылған маңызды құрылыс нысандары, жерлеу кешені, медресе орны, қыш күйдіретін пеш орыны жайлы және зерттеу жұмыстары нәтижесінде алынған деректер негізінде қалашықтың өмір сүру кезеңіндегі  маңыздылығы жайлы кең көлемді ақпарат берді. «Қышқала» қалашығы Баршынкент, Барчинлыгкент, Барджинлигкент, Қызқала деп те аталады. Қалашық ортағасырға жатады, Сырдарияның төменгі ағысы бойында, Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 25 шақырымда орналасқан. Монғол шапқыншылығы кезеңінде қала ең ірі сауда-саттық орталығы болған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
4 / 5
Қожан қожа мазары
5 / 5
Бегім ана мұнарасы