2018 жылдың 18 мамыр күні Қызылорда қаласында әнші, сазгер Батырхан Шөкеновке арнап еңселі ескерткіш бой көтерді.

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 18.05.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

2018 жылдың 18 мамыр күні Қызылорда қаласында әнші, сазгер Батырхан Шөкеновке арнап еңселі ескерткіш бой көтерді. 2016 жылы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан Қызылорда қаласында еліміздің және Ресей эстрадасының жұлдызы, сазгер, белгілі әнші Батырхан Камалұлы Шөкеновке облыс орталығынан ескерткіш орнатуға байланысты ұсынысы келіп түскен болатын. Осыған орай, облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи-мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссияның 2017 жылғы 27 қаңтардағы №1 хаттамалық шешімімен аталған тұлғаға ескерткіш орнату туралы мәселесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне ұсынылды. Ескерткіштің эскиздік жобаларына облыстық «Сыр бойы» газет басылымы мен әлеуметтік желілерге конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша 13 эскиздік жоба келіп түсті. Облыстық комиссияның 2017 жылғы 3 сәуірдегі №3 хаттамалық шешімімен ұсынылған 13 жобаның ішінен 2 жобасын (000008 авторы – Ж. Исмагулов, 000011 авторы – М. Мансұров) іріктеліп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегі Монументті өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия қарауына ұсынылды. 2017 жылғы 7 сәуірдегі Мемлекеттік комиссияның шешімімен мүсінші Мұрат Мансұровтың жобасы үздік деп танылды. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,6 метр, мүсіннің биіктігі 2,2 м (2Н.В) материалы қола, тұғырының биіктігі 1,6 м, болады.

Ескерткішті сапалы материалдан (қола) құю жұмыстары Астана қаласындағы «Қазақстан көркем комбинаты «ҚазАрт» ЖШС-нің шеберханасында жасалды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
2 / 5
Көтібар мұнарасы
3 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
5 / 5
Шірік-Рабат қалашығы

Ақпарат

    Записей не найдено.