Шірік-Рабат қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 87 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.09.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Шірік-Рабат қалашығы,
б.д.д. V-ІІ ғ.ғ.

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Шірік-рабат қалашығы Жанадария көне өзенінің арнасында, қалың сексеуілдің арасында орналасқан. Қалажұрт жоспары төбенің сүйір нысанына сәйкес келеді, ұзындығы 850 м, ені шамамен 600 м. Қалажұрт алаңында әр түрлі кезеңдерге жататын бекіністердің қалдықтары табылды. Көне қалажұрт алаңының үлкен бөлігі (41,16 га) сүйірленіп келген және бекіністің қосалқы белбеуімен қоршалған. Ескерткіштің орталық бөлігінде осы уақытқа жататын және көне қалажұрттың қамалына жатқызуға болатын төртбұрышты бекініс орналасқан (12,4 га). Ескерткіштің орталық бөлігінде осы кезеңге жататын көне қалажұрттың қамалы болып табылатын төртбұрышты бекініс орналасқан (112,4 га). Көне қалажұрттың оңтүстік бөлігін (шамамен 20 га) осы күнге дейін толығымен сақталынған кейінгі қоныстардың қабырғасы бөледі. Қалажұрт ені 40 м және тереңдігі 4,5 м (бекініс қабырғаларының іргетасына дейін) ормен қоршалған. Бекіністің сыртқы беті қатты қираған, ал қалыңдығы 4,5 м ішкі қабырғада ені 1,8 м атыс ойыстары орналасқан. Бұл қабырға төртбұрышты бұрыштары жұмырланған мұнаралармен қорғалды, мұнаралар қабырға бетінен 6 м-ге шығып тұрды және ішінен атыс оыйстарымен байланысты. Кейінгі қоныстардың қабырғаларының ұзындығы 100-130 м. Осы кешеннің ең көне ескерткіштер тобы қорғандар болып табылады. 6 қорған табылды, оның 4 көне қамалдың шекарасында орналасты. Диаметрі 60 м, қоршаған жазықтықтан 3,5 м биіктікте орналасқан. Аталған қалажұртының жерлеу салтына арналған бөлмелері (қабырлар), кесенелер және ғибадатханалар зерттелді. Табылған заттар Шірік-рабат қалажұртының нысандарын б.з.д. V-IV ғ.ғ жатқызуға мүмкіндік берді. Кейінгі қонысты б.з. ІХ-ХІІ ғ.ғ. жатқызуға болады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
3 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
4 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
5 / 5
Бегім ана мұнарасы

Ақпарат

    Записей не найдено.