Қарасопы кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қарасопы кесенесі.

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

ХҮІІІ-ХІХ ғ.

Қарасопы мавзолейі XVII ғ. Салынған ескерткіш. Кесене ХІХ ғ 70 жылдарында тұрғызылған. 1980 жылы «Қазпроектреставрация» институтының архитекторлары зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кесене «Қарасопы» деп аталғанымен, бұл жерде Айқожа ишанның балалары Мамырайымшайық пен Ыбырайымшайық жерленген, ал Қарасопының өзі кесененің алдында тұрған қарапайым қоршауда жерленген. Кесене күйдірілген кірпіштен қаланған. Негізгі фасады оңтүстік-батысқа қарай бағытталып, портал түрінде безендірілген. Қасбетінің негізі оңтүстік-батысқа қарай қаратылып, портал түрінде жабдықталған. Мавзолейдің сегіз айқышты, қас бетінің үсті негізгі қабырғадан биік өріліп, күмбезі, қабырға карниздері де өрнектелген. Жобадағы өлшемі 14х9 метр, биіктігі-9 м, үстінде 8 айшығы бар, шағын екі бөлмеден тұрады. Қабір жатқан бөлменің аумағы 12,34 х 8,70 м, қосалқы бөлме аумағы 6,50 х 5, м. Есігі құбылаға қараған.

Қарасопы Айқожа ишан, Марал ишан, Құлболды ишандармен бірге Бұхарада оқыған. Айқожа ишанның қарамағында жұмыстар атқарған. Сыр бойында өзі әулие болған. Кейін Айқожаның баласы – Атақожа Қарасопы кесенесін салдырған. Жергілікті халықтың айтуынша кесене ертеректе осында жерленген кісінің есімімен аталған көрінеді. Қарасопының ұрпақтарының айтуынша ол қайтыс боларының алдынды өзінің жатқан жерінің төбесінің ашық болуын, айналасы қоршалмауын аманат еткен деседі.

Кейін кесене ішіне де қайтыс болған адамдардың денелері қойыла бастаған .

Қарасопы Айқожа ишанның шәкірті, әулие кісі болған. Айқожа ишан Қарасопыны көзінің тірісінде Қаражан деп атаған. Желдей есіп жылдам жүретін Қарасопыны Айқожа ишан алыс-шалғайдағы халық арасына дінді уағыздауға және дау-дамайға төрелік жасауға жұмсап отырған.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
5 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.