Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 27.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Сырлытам кесенесі,

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Ескерткішті 1960 жылы ХАЭЭ (С.П.Толстов) ашып, зерттеген. Мазар ғимараты жоспарында шаршы пішінді, жақтарының ұзындығы шамамен 10 м. қабырғалары күйдірілген кірпіштерден (27х27х4,5 см және 23,5х12,5х4,5 см) қаланған, төбесі күмбезді. Мазардың бұрыштары пилястрлы болып келген, кірпіштерден дөңгелек түрінде өрілген олардың диаметрлері 40 см шамасында. Кіреберісі жебе тәрізді аркамен көмкерілген, қабырғаларында қуыстар бар, сылағында өрнектің іздері сақталған. Ішінде-екі қатар құрап орналасқан тоғыз қабір бар.

Тарихқа шегінсек, Хазар (Арал) теңізінің жағалауын Қаңлы, Кердері, Дай ұрпақтары, кейінірек түркімендер мен қарақалпақтар мекендеген. Баршын қыздың атымен аталған Баршындария Жетікөлден басталған көрінеді. Қазіргі Сырлытам ескерткіші осы Баршын қыздың құрметіне салынған-мыс. Сыр елінде екі Сырлытам бар. Бірі Қармақшы ауданында, екіншісі Сырдария ауданының Іңкәрдария ауылынан оңтүстікке қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Көрнектірегі де осы. Сырлытам аталып кеткен Баршын қыз мазарының тарихы сонау ХІІІ ғасырдан басталады. Құмтөбе басына орнатылған Сырлытамның беті шығысқа қарап тұр. Сырлытам ағашсыз салынған. Күмбездің бағаналары мен олардың арасына салынған бейнелер қазақтың ою-өрнегіне ұқсайды. Кірпіштері өте жұқа, шертсең сыңғырлап тұр. Мазардың іші мен сыртындағы бейнелер мен белгілер бұл бейіттің қызға арналған ескерткіш екенін дәлелдей түседі. Ескерткіштің маңдайшасында «Ғамал Жай лахат» деген жазу болған. Бүгінде ол жазудан жұрнақ қана қалған. Бұл мазардың құнды сәулет ескерткіші екенін жете түсінбеген кейбіреулер түрлі нақыштарды бұзып әкеткен. Күмбез жанында төрт құлақты бейіт бар. Сырлытам мазарының ішінде сегіз қабыр бар. Олар жайында: «Бәмсінің 7 қарындасы болған, сегізінші – әйелі Баршын (Бәну-шешек) болуға тиіс», - деп жазған түркітанушы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
2 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
3 / 5
Сырлытам кесенесі
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері
5 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені

Ақпарат

    Записей не найдено.