Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырымда орналасқан.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 27.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Жент қалашығы

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Жент қалашығы Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырымда, Жаңадарияның негізгі арнасының оң жағалауынан 4 шақырым жерде, оның бүйірлік көне тармағында орналасқан. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. 

Жент ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы адамдар тығыз қоныстанған орасан зор аймақтың орталығы. Ортағасырлық суландыру жүйелерінің іздері, үй-жайлар, бекіністер бұл жерден шығысқа қарай, Жаңадарияның оң жағалауын бойлай Сырдарияға жанасып мәдени белдеуге дейін 40-50 шақырымға созылып жатыр. Жент осы шұраттағы ең үлкен және ең қызықты қалашық болып табылады.

Жент туралы кезінде көптеген ортағасырлық авторлар айтып;                             ХІ ғасырда моңғол шапқыншылығына дейін оның маңызының зор болғандығы сондай, Арал теңізін кейде «Женттік» деп атаған.

Жент жөнінде Қазақ энциклопедиясында былай деп жазылған: «Жент – орта ғасырда Сырдарияның төменгі ағысы бойында болған қала. Жент Жаңадария өзенінің сол жағасында, мұсылман дүниесінің шекарасында туған қала. Х ғасырда түрік оғыздарға қараған. ХІ ғасырда монғол шапқыншылығына дейін Жент Сырдария бойындағы басты қала болған».

1219 жылы Шыңғысхан әскері Сыр бойындағы оғыз қалаларын қиратып, елін қырады, 400 жыл бойы мәдениеті қалыптасқан оғыз-қыпшақ тайпаларын тағы да көшпелі өмірге душар етеді. 1220 жылы Жентке Жошы келіп, ұзақ уақыт бойы өзінің ордасы етеді.

ХІІІ ғасырдың екінші жартысында ортаазиялық оқымысты Жемал Карши Жентте болып, бұрындары өте бай болған қаланың «бейшараға» айналғандығын, яғни қаланың құлдырауын жазып кеткен. Бірақ сол кезде Жентте «жанданған базар болды, көпестер пайда табу үшін оған баруларын тоқтатпады».

Археологиялық зерттеу тұрғысынан Жентті П.И.Лерх (1870ж.), Каллаур (1900ж.), И.Кастанье (1910ж.) т.б. атағанымен орнын нақтылай алмаған. С.П.Толстов алғаш рет 1946 жылы Жент қаласының орнын көрсетіп, үстіңгі бетінен жинаған деректер бойынша, оның жасын ХІІ-ХҮІ ғғ. мерзіміне тұжырымдады. Зерттеушінің пікірінше ХІІ-ХІІІ ғғ. Жент Хорезм мемлекеті дүниежүзілік державаға айналу барысында тіректі қаласының бірі болған. Кейін 1958 жылы Б.В.Андрианов, 1961 жылы С.П.Толстов ескерткіш орнында зерттеу жұмысын жүргізді. 1960-70 жылдары ғалым Ә.Қоңыратбаев зерттеу жүргізген. Ал академик В.Бартольд өз зерттеулерінде Сыр бойындағы қалаларды хунуерлер салған десе, М.Қашқари Сыр бойындағы балшықтан соққан ең ескі қала Жент деп те жазады.

2009 жылы қалашықта «Археологиялық сараптама» ЖШС-і зерттеу жұмыстарын жүргізген.

2017 жылы облыстық бюджет есебінен археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі нысан ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енгізілген. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Көтібар мұнарасы
2 / 5
Қожан қожа мазары
3 / 5
Бақатам кесенесі
4 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
5 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.