Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 26.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Баланды ІІ кесенесі.

б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Ескерткіш Жанfдария өзені арнасының батысында кең алқаптың орталығында орналасқан. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.   Баланды ІІ (Бұланды) жерлеу құрылысы дөңгелек болып келеді, диаметрі шамамен 16 м. Кесене қабырғалары қазіргі тақырлар деңгейінен 4,5 м биіктікте орналасқан. Қырларды қалыптастыратын сүйірленген үш бұрышты 25 қалақшалармен өңделген төмен цилиндр болып табылады. Құрылысқа кіретін есігі оның оңтүстік бөлігінде орналасқан және аркалы қуысы бар портал ретінде безендірілген. Дәл осындай қуыстар ішінде орналасқан жеке камераларды бір-бірімен жалғастырады. Ғимараттың орталық бөлігінде диаметрі 5,5м күмбезбен жабылған және оның шыңы қираған дөңгелек бөлме орналасқан. Сақталынған биіктікте күмбез жалған болып табылады, өйткені кірпіштердің жоғарғы бөлігі төменгі бөлігінің үстінен қалыптасқан. Іргетасында біршама еңіс тұрғызылған кірпіш қабырғаларға тіреліп тұр: іргетасындағы қабырға қалыңдығы 160-165 см,  еденнен 1,5 м биіктіктегі күмбез басталатын жердегі қалыңдық – 125 см. Қабырғалар да күмбез тәрізді саман жақпасымен қапталған. Дөңгелек бөлменің едені жер болып табылады.

2012 жылы кесенеге консервациялық жұмыстар жүргізілді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері
5 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,

Ақпарат

    Записей не найдено.