Христос Спаситель шіркеуі

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, И.Тоқтыбаев көшесі, 5

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Христос Спаситель шіркеуі, 1890-1895 ж.

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Ақмешіт бекінісі патшалы Ресей әскерінің келуімен Перовск бекінісі болып өзгертілді. Қоқандықтарды ығыстырған соң, Перовск бекінісінде христиан дінін уағыздаушылар көбейіп, елеулі рөл атқарады. Бекініске шіркеу қажеттігі туындап, 1855 жылы жылжымалы шіркеу ашылады. Оның негізін салушы поп Л.Гороховский болды. Ал қала христиандары үшін алғашқы тұрақты шіркеу 1863 жылы ашылды. Бұл шіркеу үйі 1868 жылы болған қатты жауыннан құлап қалады. Сол жылы күйдірілген кірпіштен салынып, төбесі жабылған шіркеудін жана үйін пайдалануға береді. 1890 жылы шіркеудін жаңа ғимараты салына бастайды. Бұл құрылыс 1896 жылы пайдалануға беріледі. Шіркеу кең тараған жобаның баламасы. Осыған ұқсас шіркеулер Астраханда және Ташкентте кездеседі. Шіркеу 250 -300 адамға арналған. Бүгінгі танда шіркеу христиандардың бас қосып, мінәжат етер негізгі орны. Шіркеу ғимараты екі бөліктен тұрады: мінәжат етуге арналған зал және кіреберістен тұрады. Көлемі 17х28 м, биіктігі 18 м.

Негізгі көлемі крестті - куполды, кресттің соңдары тең («гректік»), кресттің кіруші бұрыштарында қосымша бөлмелер бар. Бұл крест тәрізді кеңістік биік (екі шырақты), орта кресті екі бөліктік сегіз қырлы барабанда тұрған жарты циркульді аркалы сегіз тар терезе ойықтарымен кесілген. Крест жеңдері қасбеттерге сәйкес пішінді жасайтын жарты циркульді көрініске ие күмбезшелермен жабылған. Осы бөлшектердің үстінгі жағында жартылай дөңгелек доғалармен жабылған жоғары пропорциялы үш бөліктік терезелер жасалған. Төменгі деңгейдегі қапталдық қасбеттерге қосымша кіреберіс ойықтары жасалған.

Мінәжат ету залының есігі батыс жақтан жасалған. Бұл екі шырақтық, сегіз қырлы күмбез асты барабанындағы күмбезбен тәжделген. Күмбез негізгі күмбезге ұқсас, бірақ көлемі кішірек. Бірінші деңгейде кіреберіс бөлігі, екіншіде күмбез асты барабанында орналасқан үш тереземен жарықталатын-хорлар жасалған. Қасбет қабырғалары жасалуының негізгі сарыны болып қасбет қабырғаларының рустовкасы, сонымен қатар профильденген сырт-ернеулермен жиектік бөлшектеу болып келеді. Ішкі кеңістік жиектік жолақпен екі деңгейге бөлінеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
2 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Сырлытам кесенесі
5 / 5
Көтібар мұнарасы

Ақпарат

    Записей не найдено.