Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Жанұзақов көшесі, 51

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ғанибай үйі.

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Қысқаша анықтама: Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Шамамен 1869 жылы Ғани Хусайынов күйдірілген кірпіштен үлкен үй салды. «П» әрпі тәріздес үйдің солтүстікке қараған алдыңғы бетінде арба, мал кіруге ыңғайлы кең дарбазасы бар. Дарбазаның үстіңгі қабатына көлеңкелеп отырып қонақтар демалатын жай салынған. Кірпіштің қалануы, астыңғы және үстіңгі жағындағы өрнектер сәулет өнерінің бірегей үлгісі іспеттес. Ғани Хусайыновтың саудасы жүріп, шаруасы нығайып, Ғанибай атанып кетеді. Бұхарадан, Хиуа мен Қоқаннан Ресейге өтетін саудагерлер жолай Ғанибайдың үйіне тоқтап, түйесін шөгеріп, аттарын суытып отырған. Ғанибай оларға қолайлы жағдай жасаған. Сондықтан да бұл үй Ғанибайдың керуен сарайы деп аталып кеткен.

 1847 жылы Орынбор әскери губернаторы В.А.Обручев қазақ халқы мен Орта Азияда орыс ықпалын тарату үшін Сырдарияның төменгі саласындағы Райым шатқалынан №1 бекіністі салдырды. 1853 жылы В.А.Перовский №1 фортты Қазалы шатқалында салуға бұйрық берді. Яғни, Қазалы қаласының іргетасы осы жылдан қаланды. Қаланың бас жоспары жасалды. 1867 жылы Түркістан генерал–губернаторлығы құрылып, Қазалы қаласының №1 форт атауы өзгеріп, Сырдария облысының уездік Қазалы қаласы болып, осы генерал-губернаторлықтың құрамына кірді. Уезге Арал, Қазалы, Қармақшы аймағы бағындырылды. Қазалы қаласы уезд орталығы болғаннан кейін, мұнда сырттан көшіп келушілер көбейді. Себебі, Қазалы өңірі Сыр өзенінің бойында орналасқан көлі мен балығы көп, бір жағы Қызылқұм, біржағы Қарақұм, солтүстігінде Арал теңізі, байлығы мол  жер еді. Осыны жақсы түсінген, байлыққа қызыққан орыс, еврей, Бұхар, Хиуа саудагерлері Қазалыға біржола көшті. Алғашқы орыс саудагерлері Деев және Путаловтар болатын. Содан соң Қазан татары ағайынды Ахмет және Ғани Ғалиұлы Хусайыновтар келді. Бұлар мал, егін өсіріп, арақ-шарап, сыра және басқа тағамдар сатып, сауданы барынша өрістетті. Ол өз қаражатына Қазалыға керуен сарайын салдырады. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, Ғанибай шетелдіктермен де сауда жасаған. Тіпті, Еуропадағы Германия мемлекетіне тері, жүн жіберіп тұрған деген ауызша деректер бар.

Ғанибайдың үйіне (керуен сарайы) 1937 жылы Ақтөбе облысының Мартөк ауданынан көшіріп әкелінген ауылшаруашылығы техникумы орналастырылды. Техникум 1971 жылға дейін жұмыс істеді. Аталған техникум 1971 жылы Сырдария ауданына көшірілді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
3 / 5
Қожан қожа мазары
4 / 5
Шірік-Рабат қалашығы
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.