Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Жанұзақов көшесі №51 үй

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ноғай (Нұралы) мешіті /аптека/.

Маңызы:

Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Қысқаша анықтамасы:

            Патша үкіметіне қарсы большевиктер үстем болған сәттерді ерте түсінген  Мөрәлім бай қашудың қамын ерте ойлап жиған байлықтарын, дүниесін, бала-шағасын алып Ауғанстанға қашып кеткен. Мешіттің құжаттарын да бірге ала кеткен. Ол кезеңде Қазалы уез орталығы Орынбор губерниясына қарайтын. Мешіт салуға рұқсатты, Петроград т.б. план іс-қағаздар сол жақтан әзірленеді екен. Мөрәлім бай мешітінің сол кезеңдегі құжат т.б. қағаздары ешбір архивтен табылмады. Мөрәлім бай өзімен бірге ала кеткен деп ойлаймыз. Кеңес үкіметі барлық билікті қолына алғаннан соң Мөрәлім мешітін әскери казарма, сосын әскери емхана болған. Мешіттің намаз оқитын бөлмесі бөлмелерге бөлініп, түрлі мекемелерге айналды да клуб, емхана, спорт мектебі, дәріхана т.б. болды.

Аңыз-әңгіме:

            Дерек Юнус (ұлты татар) молдадан алынды. Ол 1993 жыл күзгі уақыт еді. Мөралім бай мешіті сонау патша үкіметі заманында салынғаны белгілі. Алайда оның дерегін, кімдер арқылы салынғаны туралы деректі ешкім білмейтін. Көп уақыт іздестіре жүріп төсек тартып жатқан (ұмытпасам 93 жаста болуы мүмкін) Юнус бабаға бардым. Ол кісіден аз-кем деректі алған болдым. Бұл мешіт тұрғызылып, қабырға кірпіштері өріліп жатырғанда мен 13 жасар бала едім. Мөралімді көзіммен көрдім. Зор денелі, ұзын бойлы, қыр мұрынды, қызыл шырайлы кісі болатын, бурыл қара сақалы бар. Ізінде бес тазысы еріп жүретін. Орта Азия мен қазақ жерінде Мөрәлім сауданы дүркіреткен көпес еді. Мешітті арнайы Бұқара мен Хиуа жерінен мешіт салатын шеберлерді алдырып, барлық керек-жарақ құрал заттарды да сол Бұқара жерінен әзірледі. Сонау қашық жерден мешіт жабдықтарын түйемен тасудан гөрі оның оңай жолдарын таба білгеніне адам таң қаларлықтай. Көптеген бөрене ағаштарды бір-біріне байланыстырып, оларды жалғап Сырдария арқылы ағызып әкелген. Сол бөрене үстіне мешітке керекті материалдарды қойған. Арнайы жасақталған адамдар салдың үстінде отырып, дарияның бұрылар тұстарында салды жиекке соқтырмай аман-есен қазіргі ленинский путь тұстағы көне дарияға әкелген. Аман-есен әкелген жабдықтар үшін ол кісілерге Мөрәлім алтын ділләдан ақы төлеген. Мөрәлім бай мешітті 6 жыл салған. Мешіт біршама уақыт тоқтап барып жұмысын қайта жандатқан. Ол уақытта да мешіт салу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа еді. Кейбір зерттеушілер келіп  мешіттің ішінде Герт ұстундарды (тіреу) арнайы индиядан әкелген ағаш дейді. Ою-өрнектерін бұқар ұсталары салған екен,- деп тұжырым жасайды. Мешіт сыртындағы кесекке арнайы сылақ жүргізілген, І ғасыр өтсе де әлі мінін жоймаған. Мешіт құрылысы аяқталған соң Мөрәлі Бұқарадан имамды алдырған. Ол кісінің есімі Хақназар екен. Хақназар Әуезұлы Бұқара медіресесін тамамдаған білікті, білімді ғалым адам болған. Оның ұрпақтары Қазалы қаласында тұрады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
3 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
4 / 5
Айтбай мешіті
5 / 5
Оқшы ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.