Бұрынғы оқу комбинаты ғимараты

Мекен жайы: Жаңақорған кенті, Зұлпхар Мұсаханов көшесі, 2

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бұрынғы оқу комбинаты ғимараты,
1904 жыл

Ғимарат Жаңақорған кенті, Зұлпхар Мұсаханов көшесі, 2 мекенжайда орналасқан.

ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына дейін патша жарлығына сәйкес Қазақстан аудандарынан орыс қазақ мектептері ашыла басталды, оның мақсаты аудармашылар мен жазушыларды дайынау болатын. 1990 жылдан бастап ғимарат көлемі артты. Төбесі қалпына келтірілді. Бұрынғы оқу комбинаты күйдірілген кірпіштен тұрғызылған бір этажды Г тәріздес ғимарат. Ғимарат жолақ негіздес қиыршық тастан салынған, биік емес кірпіш тұғыры бар. Ішкі орналасуы дәлізге ұқсас. Шатыр құрылымы ағаштан жасалған. Жоспар өлшемі: 14х35 м. Биіктігі-5 м.  Бір қабатты, Г-тәрізді болып келген ғимарат дәліз жүйесінен және көптеген сынып бөлмелерінен тұрады. Архитектурасында Орынбор – Ташкент теміржол магистралының бойында орналасқан станса маңы елді мекендеріндегі құрылыстардың ықпалы бар. Ғимарат күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Қасбеттерін сәндеуге фигуралы кірпіш қаландысы қолданылған. Ішкі көрінісінде сәнді ширақтары мен шүйіртпектері бар сылақ сақталған. Ғимараттың өлшемдері 11х35м, биіктігі 5м.  Ескерткішті 1980 жылы «Қазжобақалпынакелтіру» институтының сәулетшілер тобы зерттеген. Материалдар Орынбор мұрағатында сақтаулы.

Жаңақорған қонысында алғаш рет 1904 жылы Омартөре Жанғалинның ұйымдастыруымен 2 жылдық қазақ-орыс мектебі ашылды. Мектеп 1904-1905 оқу жылында Омартөре Жанғалиннің үлкен қыш үйіне орналасқан. Мектептің алғашқы мұғалімдері Омартөре Жанғалин, Байнияз Ханкелдиндер еді. Омартөре Жанғалин Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын гимназияны бітірген, кейінірек Петербургте дәріс алған білікті  ұстаз еді, ол Қармақшылық төре еді. Жағақорғандағы бұл  мектепті тұңғыш бітіріп шыққандардың бірі көрнекті партия және мемлекет қайраткерлерінің бірі Садықбек Сапарбеков, Бегайдар Аралбаевтар болған. Бұл қыш мектепте кеңес үкіметі дәурінде академиктер Мұхамеджан Қаратаев, Альфарид Иляледдинов, ғылым докторлары Сұлтан Сартаев, Ахмет Ержанов, Құламқадыр Жаманбаев т. б  білім нәрімен сусындап, ғылым өріне қанат қаққан еді.

         Бұл мектептің алғшқы ұстаздары: Низамеддин Илядетдинов, Смат Ашимов, Мүталіп Нұрманов, Разия Құлымбетова, Оразбек Қашқыновтар болды. Адамзат баласын мәдениет пен өнер-білімге баулаған бұл мектептің алар орны ерекше. Қазіргі таңда бұл ғимаратта аудандық музей орналасып халыққа қызмет көрсетуде.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
3 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
4 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
5 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.