Бытық мұнарасы

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан батысқа қарай 28 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бытық мұнарасы,
ХVІІІ ғасыр

Бытық  мұнарасы жергілікті тұрғындарға  Бітім мұнарасы деген атпен белгілі.

Аңыз бойынша, Кете руының Сойырқас аталығының бір байының  қызына бір тайпаның игі жақсылары құда түсіп келеді. Сол тойдың көкпар жарысында төбелес болып, күйеу жігіт соққыға жығылып, қайтыс болады. Артынша қалындық та у ішіп өліп, екі елдің арасы бүлінеді. Кейіннен, екі ру татуласқаннан кейін, бітімгершілік белгісі ретінде бірге көмілген қыз бен жігіттің бейітінің басына осы мұнараны тұрғызады. Мұнара жоспарында дөңгелек, қам кірпіштен тұрғызылған. Көлемі 8х21х35 және 12х21х35 см. болатын қам кесектерден  қаланған. Мұнараның  астына фундамент есебінде  қалыңдығы 10 см. болатын бауланған қамыс төселген. Мұнараның  ішкі бетінде жоғары жаққа қарай көтерілу үшін 4 баспалдақ  бар.  Мұнараның сыртқы бетіне кесектермен бірге сексеуілдің  жұқа бұтақтары да  қоса қаланған. Мұнараның жоғарғы жағы жабылмай, ашық қалдырылған. Мұнараның солтүстік- шығыс жақ бетінде ішке бетке жарық түсіп, ауа соғып тұру мақсатында үшбұрышты арнайы тесік қалдырылған. Ішкі ойығы оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Кіреберіс есігі оңтүстік – батыс жаққа қаратылып, үшбұрышты арка секілді етіп жасалған. Іргетасы жоқ. Қасбетінің жоғарғы бөлігінде 20-30 см болатын сексеуіл ағаштары сақталған. Өлшемдері: негізінің диаметр 3,6 м; биіктігі – 6,0 м; негізгі қабырғаларының қалыңдығы – 0,9 м. Казіргі уақытта мұнараның астыңғы жағының сылағы мен кесектерден қаланған сыртқы қабаты ортаңғы тұсқа дейін табиғат құбылыстары мен жел коррозиясының әсерінен  мүжіліп, түсіп қалған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
3 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
4 / 5
Көтібар мұнарасы
5 / 5
Сауысқандық петроглифтері

Ақпарат

    Записей не найдено.