Сәкей мұнарасы

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Сәкей мұнарасы,
ХVІІІ ғасыр

Сәкей  мұнарасы  жергілікті  тұрғындарға  Санқай мұнарасы  деген атпен  белгілі. Аңыз бойынша, аталған мұнара Тоқсейіт - Сарқасқа руының биі  Саңқай деген кісінің басына  тұрғызылған.

Мұнара жоспары шеңберлі, конус пішіндес, қам кесектен салынған. Кіретін ауызы оңтүстікке бағытталған. Мұнараның төбесі күмбез етіліп жабылған. Іргетасы жоқ, жердің бетіне қамыс төслеліп, соған отырызылған. Кіреберіс есігін оңтүстік жаққа қаратып, жебе  тәрізді үшбұрышты  арка сияқты етіп жасаған, биіктігі 2 м. Ішінде ағаш баспалдақтың іздері сақталған. Мұнараның астына фундамент есебінде бауланған қамыс төселген. Сыртқы және ішкі  беттерінде арматура  ретінде  сексеуілдің  бұтақтары қам  кесектермен  бірге қаланған. Мұнараның басына үш деңгейлі сатымен шыққан. Өлшемдері: негізінен диеметрі 3,6 м; биіктігі – 7,5 м; негізі тұсынан қабырғасының биіктігі – 1,1 м, кесегі 31х18х8 см. Казіргі уақытта мұнараның  жағдайы қанағаттанарлық  дәрежеде болғанымен, кіреберіс есігінің үсті шатынап жарылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
2 / 5
Қорасан ата кесенесі
3 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
4 / 5
Шірік-Рабат қалашығы
5 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.