Қатынтам (Қызтам) кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан шығысқа қарай 9 шақырым, Жаңаталап ауылынан оңтүстік - батысқа қарай 21 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қатынтам (Қызтам) кесенесі,
ХІХ ғасыр

Аңыз бойынша, Шөмекей тайпасының Сарыбай аталығының бір қызын ұзатылып кетіп бара жатқанында жылан шағып өлтіреді. Бауырлары қызды жасауымен бірге сол қайтыс болған жеріне арулап көміп, бір жылдан кейін басына аталған кесенені тұрғызады. Содан кесене Қатын тамы атанған. Кесененің тағы бір атауы - Қыз тамы.

Кесене аумақты өлшемі – 6,6х8м, саз балшықты ерітіндіде тікбұрышты аршылмаған кірпіштен (8х24х44см) салынған. Жоспарда ескертіштің негізгі өлшемі кесенелер үшін үйреншікті төртбұрышты емес, тікбұрышты – бойлық осін бойлай созылған, біртіндеп күмбез астындағы барабанға өтетін параболалық бейнедегі күмбезбен бітеді. Портал тікбұрышты, негізгі өлшемге қатысты тарылтылған, оңтүстік – батысқа бағытталған. Оның орталық бөлігінде аркалы порталдық ойықша орналасқан, оның айқышты қабырғасына аркалы бөлмеге кіру тесігі салынған. Кесененің бұрыштары қазіргі кезде бұзылып кеткен дөңгелек мұнаралармен сәнделген. Кесененің күмбез асты конструкциясы – бөлме бұрыштарынан құрылыстың салпыншағымен шығарылған  желкендер. Күмбезде зенитті тесік бар, аркалы терезе де күмбездің жоғарғы бөлігіне орналасқан, олар бүйір қасбетке шығады. Кесене сыртынан және ішкі жағынан сабан сылақтың қабаттарымен сыланған. Кесене басқа бір бөлікті құрылыстардан күмбезді кесенелер үшін сирек кездесетін жайт болып табылатын сопақша пішінімен ерекшеленеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Қорасан ата кесенесі
4 / 5
Бегім ана мұнарасы
5 / 5
Оқшы ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.