Рабат қатын (Қатын қала) қалашығы

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 8 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Рабат қатын (Қатын қала) қалашығы,
ХІІ-ХІХ ғ.ғ.

Ескерткіш ХХ ғғ. 80 жж. ХАЭЭ (жет.Л.М. Левина) тарапынан зерттелді. Ескерткіш Жаңадария өзені тармақтарының бірінің солтүстік жағалауын бойлай орналасқан. Қалажұрттың орталығы тікбұрышты пішінді, солтүстік- батыс – оңтүстік – шығысқа осі бойынша бағытталған қорған болып табылады. Қорғанның жалпы өлшемі 90х72м. Қорғанның қабырғалары өз араларында қамыс қабаттарымен өрілген және саз балшық ерітіндісімен бекітілген ірі кесектер мен аршылмаған кірпіштерден салынған. Қабырғалар ені 7-8м дейін қатты қираған, биіктігі 3,5 м дейін сақталған. Қорғанға кіреберіс оңтүстік – батыс жақтан қорған бекіністерінің үзіктерімен белгіленген. Қорғанның периметрі бойынша ені 2м және тереңдігі 1м ор байқалады. Бекіністің ортасында қорған қабырғаларынан 8-10 м жердегі аумақты қоспағанда, ішкі кеңістіктің барлық алаңын алып жатқан 1 м биіктіктегі төмпешік байқалады. Төмпешіктің ортасында ортасында диаметрі 3-4м болатын шағын дөңгелек төбе бар диаметрі 15 м болатын дөңгелек алаң байқалады. Қорғанның батыс, солтүстік және шығыс жақтарының сыртқы жағынан сыртқы периметрі бойынша оры бар үйілген топырақ қорған байқалады. Жаңадария өзені тармағының оңтүстік жағалауы бойындағы екінші үйілген топырақ қорған бірнеше төмпешікті – әсті, ол да қалажұртға қатысты болуы мүмкін құрылыс қалдықтарын-  қамтиды. Қалашықтың барлық алаңынан мәнерлеп жабыстырылған және қыш керамика ыдыстың сынықтары табылады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Шірік-Рабат қалашығы
2 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні
4 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )

Ақпарат

    Записей не найдено.