Құмқала І қалашығы

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққолқа ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17 шақырымда, Аққыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33,5 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Құмқала І қалашығы,
ХІІ-ХІV ғ.ғ.

Қалажұрт ХХ ғғ. 80 жж. ХАЭЭ (жет.Л.М.Левина) тарапынан табылып, зерттелді. Қалашық Жаңадария өзенінің оң жақ құлама жағасында орналасқан. Ескерткіш төмпешіктер түрінде сақталған және өзен жағасын бойлай 2  км өлшемінде және өзеннен 1 км шамасында аумақты алып жатқан әртүрлі құрылыстар кешенін қамтиды. Қалажұрттың орталығы 400х320м өлшеміндегі тікбұрышты пішінді қорған болып табылады. Оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс қабырғалардың ені 8-10 м, оңтүстік-шығыс және солтүстік – батыс қабырғалардың ені 10-12 м. Қабырғада әрбір 40-50 м сайын диаметрі 6 м болатын, қорғанның бұрыштары мен орталық қақпада 8 м болатын дөңгелек мұнаралардың қалдықтары байқалады. Қабырғаның сыртқы периметрі бойынша ені 10 м-ден (солтүстік – шығыс бөліктерінде) және 30 м-ге дейін (оңтүстік-батыс бөліктерінде) жететін терең (3-5 м дейін) орлар байқалады. Қалажұртқа кіретін үш қақпа табылды. Бүйірдегі кіріс қақпаның ені - 7-8 м, орталық қақпаның ені – 15-16 м. Заманында қаланы биік әрі қалың етіп соғылған қорған – дуал қоршап тұрған, қорғанның сілемдері мен мұнара құландылары казіргі уақытқа дейін жақсы сақталған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бегім ана мұнарасы
2 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
3 / 5
Асанас кесенесі
4 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
5 / 5
Христос Спаситель шіркеуі

Ақпарат

    Записей не найдено.