Құлтан кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа 100 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Құлтан кесенесі,
ХІХ ғасыр

1980 жылдары Құлтанның ұрпақтары кесенеге реставрация жасаған. Реставрацияға дейін кесене қабырғаларының кірпіштері жерден 1-1,5 м биіктікке дейін құлаған, мүжілген. Реставрация кезінде құлаған кірпіштерді қайта қалпына келтіру үшін, кесене қабырғасының астына айналдыра фундамент құйып, жаңадан күйген кірпіш қалаған. Кесенені айналдыра төртбұрыш формасындағы күйген кірпіштер төселген. Кесене аумағы сетка қорамен қоршалған, кесене ішінде екі кісінің мүрдесі бар. Кесенеге кіреберіс ауызда табиғи көк тасқа арабша жазылған таңба бар. Кесене екі күмбезді, бірі үлкен, екіншісі кіші. Кесене қорасының айналасында қам кірпіштен соғылып, мүжіліп, қираған 10-15 бейіт бар. Бұл бейіттерде кімдер жатқаны (атаусыз) белгісіз. Кесене көлемі 6,80х9,50м. Қабырға кірпіштерінің көлемі ені 14см, биіктігі 7см, ұзындығы 27 см, 26х26х5см.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
2 / 5
Көтібар мұнарасы
3 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Қорасан ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.