Тәжібай кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа 100 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тәжібай кесенесі,
ХІХ ғасыр

Кесене орналасқан қорымды жергілікті халық «Қара молда» деп те атайды. Кесене күйген қызыл кірпіштен өрілген. Кіреберіс есіктің ішкі екі жағында мұнараға көтерілетін тепшек бар. Ішінде мүрденің орны білінбейді (жермен – жексен болып кетуі де мүмкін). Бір күмбезді, айналдыра төрт қабырғаның жоғарғы бөлігіндегі бір қатары қошқармүйіз секілді қашалып салынған өрнегі бар кірпіштен өрілген. Кіреберіс есіктің айналасындағы кірпіштері құлаған. Қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Кесене кірпіштерінің көлемі 34х17х7, 30х15х7 см.

Бекі мен Тәжібай кесенесі орналасқан төбенің айналасы үлкен қорым. Кесене 7,20х9,0м, биіктігі – 7,5 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Сырлытам кесенесі
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
5 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні

Ақпарат

    Записей не найдено.