Нәнсай қалашығы

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бала би ауылынан солтүстік-батысқа 26 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Нәнсай қалашығы,
орта ғасыр дәуірі

Ертедегі Нәнсай қаласы Оңтүстік Қазақстан мәдениеттері жүйесіне жатады. Оның археологиялық зерттелуі Кеңес дәуірінде А.Н. Бернштам (1947-1956 жж) және А.Х.Марғұлан басқарған АЭ жұмыстарынан бастау алады. Оның нәтижесінде Сырдарияның орта ағысының тұрақтары мәдениетінің тарихи топографиясын, кезеңдерінің жасын саралайды. Ал 1966-1967 жж К.Ақышев басқарған Жетісу экспедициясы ертедегі Нәнсай қаласы ескерткішінде болып, археологиялық зерттеу жүргізді. Ол Іле, Орталық Тян-Шань, т.б. көшпелілік дәстүрлері ықпалды болған қала орталықтарына ұқсастығын көрсетеді. Сөйтіп орта ғасыр дәуіріне жатқызады.

Ескерткіште  1,5 м биіктікте орталығында 15х15 м көлемді қабырғалары бар құрылыс орны сақталған. Мәдени қабаттарында археологиялық деректер кездеспейді.Қала жұрағаты төртбұрышты 1,5 – 2м. биіктіктегі алаңнан тұрады және солтүстік пен оңтүстігі 160 метр, батысы мен шығысы 180 метр болып келеді. Орта тұсында 15х15 метр алаңнан тұратын  биіктіктегі 1,65 м құрылыс бар. Қала төңірегін қоршаған ені 8-10 метр, тереңдігі 0,5 метр ор іздері байқалады. Қалаға солтүстік және оңтүстік жақтарынан кіретін екіжолдары бар.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бегім ана мұнарасы
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
3 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
4 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
5 / 5
Бақатам кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.