№ 12 кесене

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

№ 12 кесене
ХІХ ғасыр

  Кесене кішкене қоршаулар мен қираған құлпытастардан құралған қорымның құрамына кіреді және бұталы өсімдік басқан өзеннің кең алқабында орналасқан. Ескерткіштің пішіні төртбұрышты болып келеді, ауданы 7х7 м, бұрыштары жарық жақтарға бағытталған. Ескерткіш күйдірілмеген кірпіштен қаланған (35х18х10 см-қабырғалары, 30х15х5 см-күмбезі). Қабырғалары қыш қоспамен сыланған. Қабырғаларының биіктігі-2,5 м, қалыңдығы-1 м. Кесене бір камералы. Жерлеу камерасының ауданы 5х5 м, жоғарғы бөлігі қираған сфера тәрізді күмбезбен жабылған. Кесененің күмбезбен бірге жалпы биіктігі-6 м. Жерлеу камерасының солтүстік бұрышында күйдірілмеген кірпіштен жасалған құлпытастарымен екі қабір орналасқан және олар қыш қоспамен сыланған. Оңтүстік-шығыс жағынан орналасқан кіреберісі порталмен көркемделген және биіктігі 3,5 м сүйір күмбезбен белгіленген. Порталдың кіреберісінде сүйір күмбез бен ағаш есігі бар аудан 1х1 м, биіктіктері 1,5 м екі шығыңқы жері бар.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бегім ана мұнарасы
2 / 5
Асан ата кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.