Теміржол вокзалы ғимараты

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Қараөзек теміржол стансасы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Теміржол вокзалы ғимараты,
1905 жыл

1905 жылы орыс сәулет өнерінің үлгісінде күйдірілген кірпіштен салынған. Қазіргі кезде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне алынған. Вокзал Орынбор – Ташкент теміржолын салу кезеңінде тұрғызылған. Перроны солтүстік жағында орналасқан, оңтүстік қасбетімен вокзал маңы алаңына қарап тұр. Вокзал ғимараты тікбұрышты форматты күйдірілген кірпіштерден қаланып тұрғызылған, іргесі нығыздалған үйінді топырақ түрінде болып келген. Ғимарат перрон бойымен созылған және бір бірімен қосылған үш биік ризалиттер түріндегі маңдайалды композицияға ие. Орталық ризалитте вестибюль, басқа екеуінде – бірінші және екінші дәрежелі күту залдары, төменгі бөлігінде – қызметтік бөлмелер орналасқан. Кіші стансалардың вокзал құрылыстарынан ерекшеленетін бұл ғимарат Оңтүстік Қазақстанға тән жағдайлар ескеріліп салынған орыс моделінің үлгісі болып саналады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі
2 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
3 / 5
Бегім ана мұнарасы
4 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.