Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғимараты

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Мұхтар Әуезов көшесі, 20

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғимараты
1953 жыл

Ғимарат «Г» - әрпі үлгісімен салынған қос қабатты болып келген. Жоспарлы өлшемі 13х45 м. 1980 жылы облыстық халық депутаттары атқару комитетінің шешімі бойынша музейге екі қабатты бұрынғы қонақ үй ғимараты беріліп, 1985 жылы 7 мамырда ашылды. Музей орналасқан бұл ғимарат 2 қабатты, қызыл кірпіштен, доға тәріздендіріліп, 1953 жылы салынған. Ғимараттың алды мен жоғарғы жағы шығыңқы, бедерлі бағаналармен безендірілген. Сыртқы есіктің және бірінші қабаттағы терезелердің жоғарғы жағы доға тәріздес. Бірінші қабаттың кіре беріс алаңы да бағаналармен безендіріліп, екінші қабатқа көтерілетін баспалдаққа жалғасады. Ғимарат қаладағы ең көркем архитектуралық ескерткіштердің қатарына жатады. 2011 жылы жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі таңда ғимаратта облыстық тарихи-өлкетану мұражайы орналасып жұмыс жасайды. Ғимарат жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Қысқаша тарихы

  1980 жылы облыстық атқару комитетінің шешімі бойынша мұражайға екі қабатты үй бөлінді де, 1985 жылдың 7 мамырында  өз жұмысын бастады. Музей орналасқан бұл ғимараттың өзі 1953 жылы салынған қаламызды көркейтіп тұрған архитектуралық ескерткіштердің бірі. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Сыр бойының  өткені мен бүгіні жайлы баяндайтын үлкен мәдениет орталығы болып табылады. Музей  жанында  «Ақмешіт» музейі,  Көркемсурет галереясы және «Қала тарихы музейі»  жұмыс  істейді. 2015 жылы облыстық музейде реконструкция және реэкспозиция жұмыстары жүргізіліп, музей жаңа заманауи кейіпке енді. Соңғы екі жылда мәдениет саласында көп өзгерістер болды. 2014 жылы Сыр елінің жергілікті суретшілері мен қолөнершілерінің шығармашылықпен еркін айналысуына мүмкіндік беретін тұңғыш Көркемсурет галереясы ашылды. Қазақстан Республикасына белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары галерея экспозициясынан орын алып отыр. Қуантарлығы, жергілікті қылқалам шеберлері жұмыс жасайтын шығармашылық бөлмелер де галерея ғимаратында қарастырылған. Реэкспозициялық жұмыстардан кейін облыстық музей заманауи экспозициямен жабдықталып, заман талабына сай, келушілердің сұранысына жауап бере алатын мәдени орталыққа айналды.

    Музей осы күнге дейін адамды мәдени ортаға баулудың құралына айналып, компьютерлік технологияларға, яғни виртуалды әлемге қарсы тұратын кеңістік ретінде танылып келді. Қазіргі таңда музей жаңа қарқынды даму жолына түсті. Музей ісі жаңа компьютерлік технологиялармен бірге дамуда. Мультимедиялық презентациялар, сенсорлы моноблоктар, «Музеолог» бағдарламасы, т.б. осыған дәлел. Мысалы, әр зал LED телевизорлармен жабдықталған. Экспозицияны ашатын видеоматериалдар қосымша құрал ретінде халыққа ұсынылып отыр. Фойелерде орналастырылған сенсорлы моноблоктар музей әлеміне виртуалды енуге, музей қорындағы зергерлік және этнографиялық бұйымдар коллекциясын және т.б. тамашалауға мүмкіндік береді.

                   Қазіргі таңда музей қорында 56000-нан астам экспонат сақталуда, оның 4502 экспонаты музейдің 11 экспозиция залдарында орналасқан.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа мазары
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
4 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )

Ақпарат

    Записей не найдено.