Бауырластар бейіті

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Иса Тоқтыбаев көшесі, н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бауырластар бейіті
1920 жыл

Аталған бейітте Қарақалпақ автономдық республикасы үкіметінің мүшелері Бекманбетов және Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі Нұрманов жерленген. Ескерткішке 1919 жылғы Азамат соғысының уақытында белгілі 17 қоғам қайраткерлерінің есімдері мрамор тақтаға қашалып жазылып, ілінген. Ғимарат жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған.

Қазақстандағы (1917-1920 жж. ) азамат соғысы

    1917 жылы Қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Дегенмен, олар аяғына дейін талқандалмады. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы Гурьев (Атырау) қаласында Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісуда казак-орыс жасақтары, ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.

1918 жылы 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Олар генерал Толстовтын бұйрығымен жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңіс өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады. Кеңес өкіметіне қарсы күресте ақгвардияшылар казак станицалары мен орыс селоларындағы бай-құлақ элементтеріне сүйенеді, жергілікті кадет, эсерлер мен меньшевиктерден қолдау тапты.

1918 жылы мамырдың аяғында Антанта мемлекеттерінің көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының офицерлері мен солдаттары бүлік шығарды. Бұлар бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресейге тұтқынға түскендер болатын. Кеңес үкіметі Австро-Венгриямен жүргізген келісім бойынша оларды елдеріне қайтаруға уәделесті. Бірақ Ресей үкіметі олардың Кеңестерге қарсы шығуынан қорқып, чехтар мен словак әскерлерін елдің батыс территориясымен емес, ең әуелі Қиыр Шығыс темір жолы арқылы Владивосток қаласына жеткізіп, одан ары Еуропаға теңізбен шығарып салуға келісті. Сібір арқылы жолда қайтып бара жатқан чехтар мен словактардан құрылған корпусты Антантаның империалистері бүлік шығаруға арандатты. Атап айтқанда, олардың арасында елдеріне босату үшін емес, қайта түрмеге отырғызу үшін алып бара жатыр деген жалған лақаптар таратты. Мұны естіген құрамында 500 мыңға жуық солдаты мен офицері бар чехословак корпусы бүлік шығарып, Сібір мен Оралдың темір жол бойындағы бірқатар қалаларын басып алды. Олар Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа да елді мекендерді жаулап, ондағы Кеңес өкіметінің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жерлердегі кеңес өкіметінің басшылары К.Сүтішев, И.Дубинин, П.Калюжная, Ғ.Ыдырысов, К.Шугаев, П.Салов және тағы басқаларын азаптап өлтірлі. Өскемен Совдепінің төрағасы Я.Ушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервеннер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды.

1918 жылдың жазында интервенттер мен ақгвардияшылар Семей облысы жағынан Солтүстік Жетісуға басып кірді. Бұл жердегі казак-орыс станцияларында Кеңес үкіметіне қарсы бүліктер басталды. Сондықтан Жетісу облыстық атқару комитетінің шешімімен кеңестік қарулы күштері біріктіріліп, Солтүстік Жетісу майданының штабы құрылды. Атаман Анненковтың дивизиясына және басқа да әскери бөлімдергеқарсы кескілескен ұрыстар жүрді. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда кеңес жасақтарының күресі негізінен партизандық характер түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск және басқа да селолар тұрғындарының ақ гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында Черкасск қорғанысы деп аталады.

Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі тек Жетісу мен Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз ғана жерінде сақталып қалды.

Революцияға қарсы күштер Самарада ақ гвардияшылар мен әскерлердің Комуч (Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті) үкіметін, Каспий сыртқы облысында ағылшын үкіметін құрды. Бұл кезде немістер Донбасқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин соғыс қимылдарын күшейте түсті.

Кеңес елі үшін ең басты майдан -Шығыс майданы еді. Шығыс майданының Орал бағытында ақтармен 4-армия ұрыс жүргізді. Бұл майданның жағдайы жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылдың 2 маусымында Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Осыған орай Ақтөбе майданы құрылды. Ондағы қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т.б қалаларда құрылған отрядтар көмекке келді. Оның қатарына негізінен еріктілер кірді, әскери міндет туралы БОАК-нің 1918 жылғы 29 мамырда қабылданған жарлығынан кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп,1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орыбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Х.Чурин,Ж.Сәрсенов, Х.Ишанов, Б.Жәнікешев т.б қызмет етті. Сол жылдың қараша айында Ақтөбе майданына Әліби Жанкелдин бастаған экспедиция Мәскеуден көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді.

1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә.Жанкелдин мен А.Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемет топтарын, Ырғызда атты әскер экадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл әскер бөлімдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында Ресейге келіп қалған көпетеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы және шаруалар өкілдері де кірді. Облыстық және уездік кеңестер мен әскери комиссариаттар жергілікті бұқара халық өкілдерін - қазақтарды, қырғыздарды, дүнгендерді, өзбектерді, ұйғырларды және басқаларын Қызыл Армия қатарына тартуда саяси-ұйымдастыруда коптеген қиындықтар ды кездесті. Қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдықтар жетіспеді. Әскери жасақтарға басшылық ететін тәжірибелі қызыл командирлер мен саяси қызметкерлердің қатары аз болды.

Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатаң еңбек тәртібін орнату мақсатында "әскери коммунизм" саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. Әскери коммунизм саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. Азық-түлік салғыртын енгізу елде астық дайындауды көбейтуге, Қызыл Армияны, жұмысшыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, ашаршылықты барынша болдырмауға мүмкіндік берді.

Әскери коммунизм саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міңдеттілігі талап етілді. Жергілікті жерлерде еңбек етуге бұрынғы қанаушы тап өкілдері тартылды.Қазақстанда әскери коммунизм саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады. Қызыл Армияның Қазақстан жеріндегі ұлттық бөлмдерін құруда Сырдария, Жетісу облыстар, Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік уездері бірсіпыра айтуға тұрарлық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Міне, осы шаралардың барлығы Қазақстанның азамат соғысы майдандарында интервенттер мен ақ гвардияшыларға шешуші соққы беруге жағдай жасады. 1918 жылы күзде 1 және 4 Қызыл Армия бөлімдері шабуылға шығып, Бугрслан, Бұзылық, Қазан, Александров-Гайды босатып, Орынбор мен Орал қалаларына жақындады. Сөйтіп,Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылдың 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.

1919 жылғы көктемде М.В. Фрунзе басқарған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал В.И.Чапаев басқарған 25 дивизия оңтүстік-батыс аудандарында соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Қазақстанда Колчак тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. 1918 жылы желтоқсан айының аяғында Ә.Жанкелдин, А.Иманов және Ырғыз отрядының біріккен күшімен Торғайда кеңес өкіметі қалпына келтірілді. Бұл кезде Ақмола, Семей облыстарында да партизандық қозғалыстар өрістеді. Павлодар, Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизандар қозғалысы кең өріс алды. Тарбағатай мен Алтайдың Тау қырандары отрядтарының қозғалысы, Жетісудағы Черкасск қорғанысы Қазақстандағы азамат соғысы тарихында елеулі оқиға болды.

1919 жыдың жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күштерінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. Қызу шайқастардың барысында Колчак Армиясы екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінді. Колчактың "Оңтүстік армиясын" Түркістан майданының қызыл әскер бөлімдері 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында құртып жіберді.

Колчак армиясының жеңілуі, солтүстік-шығыс Қазақстанның азат етілуі Орал майданының жойылуына септігін тигізді. 1919 жылы шілдедеқоршауда қалған Орал қаласы азат етілді, 1920 жылы 5 қаңтарда Гурьев (Атырау), ал 8 қаңтарда Доссор мұнай кәсіпшілігі жаудан тазартылды. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізіліп, мұндағы ақтардың қарсылығын тезірек басуға мүмкіндік берді. 1920 жылдың көктемінде Үржар, Арасан станциялары, атаман Анненковтың штабы орналасқан Үшарал поселкісі босатылды. 29 наурызда Қапал бекінісі құлаған соң Абакумовка, Ақсу, Сарқант және басқа да станицалар азат етілді. Атаман Анненков және оған қосылған Дутов басқарған ақ гвардияшылардың қалдықтары Синьцзянға қашты. Нәтижесінде 1920 жылғы наурыз айында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды.

Қазақстан жеріндегі ірі-ірі соғыс қимылдары М.В. Фрунзе, М.Н.Тухачевский, В.И.Чапаев сияқты белгілі әскери қолбасшылар, И.П.Белов,И.С.Кутяков,А.Иманов т.б. секілді талантты қызыл әскер командирлері басшылығымен жүзеге асырылды.

Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы күрес Азамат соғысының майдандары жойылғаннан кейін де тоқтаған жоқ. 1920 жылы 12 маусымдағы Верныйдағы бүлік соның көрінісі еді. Бүлікті басуды іске асырғандар арасында Д.А.Фурманов, И.П.Белов, Ғ.Мұратбаев, Б.Шагабудинов, т.б. болды. Сол жылғы жазда Семей облысында ақ гвардияшылар офицерлерімен эсерлер ұйымдастырған бай-құлақтардың бүліктері жүрді. Олар партия және кеңес қызметкерлерін өлтіріп, мемлекет қоймаларын тонады, кеңестік мекемелерді ойрандады.

Қызыл Армия бөлімдері жұмысшылардың деревня мен ауыл-село кедейлерінің белсене қолдауымен қысқа мерзімде контрреволюциялық бүліктердің бәрін жойды. Қазақстанда кеңес өкімет орнатудағы күресі жеңіске жетті.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі
2 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
3 / 5
Сауысқандық петроглифтері
4 / 5
Бақатам кесенесі
5 / 5
Көтібар мұнарасы

Ақпарат

    Записей не найдено.