Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы ғимараты

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, 21

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы ғимараты
1959 жыл

Асқар Тоқмағамбетов (19 қыркүйек 1905 жыл, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы қазіргі Сырдария ауданы), бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар – 21 тамыз 1983, Қызылорда қаласы — қазақтың ақыны, жазушысы. 1932 жылы Мәскеу полиграфия институтын бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") (1927-1930), "Ленин жолы" (Қызылорда, 1933—1934), "Қазақ әдебиеті" (1934-1935), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935—1937), Қызылорда (1944-1952, 1957-1962) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды.

  1925 жылы "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (казіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы 1928 жылы "Еңбек жыры" деген атпен жарық көрді. Таңдамалы шығармаларының жинақтары бірнеше рет (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975 жылдары) жарық көрді. Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-1930) отаншылдық тақырыбына арналған шығармалар жазды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достастығы, соғыстан кейінгі жылдарда бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.

1-дәрежелі Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

 Ғимараттың сиаттамасы:

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы Қызылорда қаласы Қазыбек би көшесі 21 үйде орналасқан. Ғимарат жалпы құрылысы үш қабатты күйдірілген кірпішпен қаланып салынған. Қасбеті сыланып, әкпен боялған. Ғимараттың төменгі қабатының сыртқы беті қара жапсырмалармен қапталған. Ескерткіштің ішкі және  қасбет бетінде  ұлттық нақышта кесіліп дайындалған гипстермен  қапталған. Ғимараттың жоспары үш негізгі симметриялы түрде орналасқан бөліктен тұрады.  Орталық бөлігінде көрермендерге арналған зал мен дайындалуға арналған бөлмелерден тұрады және қызметкерлерге арналған бөлме мен киім сақтайтын гардеробтан тұрады. Ескерткіштің екі бөлігінде де дайындыққа арналған бөлмелер мен әкімшілік қызметкерлерге арналған шағын бөлімшелерден тұрады. Ғимараттың  кіре берісі аркалы колоналардан тұрады.Колоналардың артқы бетінде үлкен аумақты аула орналасқан. Бірінші қабаттың терезе тұратын орны тікбұрышты, ал екінші қабаттағы терезелер орны аркалы турде жасалған. Ғимарттың бұл құрылысы қаланың басты мәдени құрылысна  айналды.  Жергілікті маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, клубтар және халықтық ұжымдар, 6 ұлттық-мәдени орталық орналасқан. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы үш қабатты, көрермендер залы 300 адамға есептелген. Ғимарат 1959 жылы салынған. Облыстық музей 1983 жылы паспортын жасаған. 2009 жылы төлқұжаты жаңаланып, 2010 жылы қорғау тақтасы орнатылды. Ғимараттың алдыңғы фасады Қазыбек би көшесіне қараған. Жоспарында үш қабатты, классикалық үлгіде күйдірілген кірпіштен қаланған. фасады сыланған. Іргетасы қара плита тастармен қапталған. Қасбетінде және бөлек жерлерінде ұлттық стильде гипстен ою-өрнетер, декоративті жазулар салынған.  Жоспарында ғимарат симмитриялы үш негізгі павильоннан тұрады. Орталық бөлігінде көрермен залы, дайындық бөлмелері, киім шешу орны мен қызметкерлерге арналған бөлмелер орналасқан. Алдыңғы жағынан орталық павильонға жапсарласа салынған бөліктерде дайындық өткізуге арналған залдар, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлеріне арналған бөлмелер орналасқан. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы 1959 жылы салынған.  Жергілікті маңызы бар қала құрылысы және сәулет ескерткіші. 2009 жылы төлқұжаты жаңаланып, 2010 жылы қорғау тақтасы орнатылды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Қорасан ата кесенесі
3 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.