Тықы батыр кесенесі

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Кекірелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12,3 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тықы батыр кесенесі
ХІХ ғасыр

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Кесене екі камералы, Т-тәріздес есігі бар кесенелер түріне жатқызылады. Ескерткіш күйдірілмеген кірпіштен және есікті көмкерген кезде және күмбезді тіреуге және нығайтуға қолданылған қалың сексеуіл бұталарынан қаланған. Кесененің жалпы биіктігі 5 м, бұрыштарымен жарық жақтарға бағытталған және төрт бұрышты кірме және жерлеу камераларынан құралған. Кірме камерасының өлшемі 3х3 м, жерлеу бөлмесінің оңтүстік –батыс жағында орналасқан, қазіргі уақытқа дейін сақталынбаған. Есігінің ені 0,5 м, тереңдігі 0,5 м, оңтүстік-батыс жағында орналасты. Жерлеу камерасының есігі сексеуіл бұталарымен көмкерілген. Жерлеу камерасының сыртқы өлшемдері 5х5 м, ішкісі 4х4 м, қабырғаларының биіктігі 2 м, камера бұрыштары жоғарғы жағынан сексеуіл бұталарымен нығайтылған. Конус тәріздес күмбездің биіктігі 3 м. Күмбездің оңтүстік және батыс жағы қираған, қабір үстіндегі құрылысты толығымен басып қалған

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Айтбай мешіті
3 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
4 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )

Ақпарат

    Записей не найдено.