Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы

Мекен жайы: Арал ауданы, Арал қаласынан шығысқа қарай 6 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы,
б.д.д. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Неолиттің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар.

Ескерткіштен найзаның ұшы, ретуші бар пышақ тәрізді пластиналар және қыш ыдыстың сынықтары жиылып алынған. Қазіргі уақытта ескерткіштің орны сақталмаған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Айтбай мешіті
2 / 5
Қорасан ата кесенесі
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
4 / 5
Бақатам кесенесі
5 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.