Еламан мұнарасы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 44,3 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Еламан мұнарасы,
ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.

Мұнара ХІХ ғасырдағы зираттың аумағындағы төбеде орналасқан. Мұнара қам кесектен қыш қоспамен қаланған. Мұнара пішіні дөңгелек, іші қуыс, жоғарғы бөлігі тартылған (қабырғалары да жұқарады және қалыңдығы 0,75 м құрайды). Мұнараның сыртқы өлшемдері: биіктігі – 7,9 м, сыртқы диаметрі – 3,29 м, ішкі – 1,12 м, қабырға қалыңдығы 1,0 м. Есігі сүйір аркамен жабылған, оңтүстік батысқа бағытталған. Ішкі бөлігі төрт қабаққа бөлінген, олар бір-бірімен зенитті ойыстар арқылы жалғанған,  ал жоғарғысы төбеге бағытталған. Мұнара қазақ ұлттық сәулет өнерінде сирек кездесетін мемориалды құрылыстарға жатқызылады, мұндай мұнаралар тек Шығыс арал маңында ғана кездеседі. Мұнараның жоғарғы бөлігі қираған. Қабырғалардың сыртқы сылағы едәуір құлаған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
2 / 5
Оқшы ата кесенесі
3 / 5
Бегім ана мұнарасы
4 / 5
Шірік-Рабат қалашығы
5 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.