Түгіскен І-ІІ жерлеу кешендері

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Түгіскен І-ІІ жерлеу кешендері,
б. д. д. І мыңжылдықтың І жартысы

40 ж. Хорезм экспедициясы (С.П.Толстов) анықтап, 60 жылдары (М.А.Итина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.

Солтүстік Түгіскен тобындағы жәдігерлердің арасында соңғы қола дәуіріне жататын 7 күрделі құрылымдағы кесене ғылыми зерттеулерде айрықша орын алады. Б.з.д. ІХ-ҮІІІ ғғ. мерзімделген бұл кесенелер ақсүйек-шонжарлардың, ірі тайпа көсемдерінің жерлеу орны ретінде салынған. Бұл жерде оттың өлген адамды басқа дүниеге апаратын, яғни оны басқа жағдайға «өткізетін» осындай астарлы күші ескерілген. Бастапқыда кесенелер цилиндр-конус пішіндес биік, салтанатты ғимараттар түрінде болған, олардың үстіне топырақ оба тұрғызылмаған. Кесенелерден табылған заттай деректердің арасында бүтін сақталғанының өзі 200-ге жуық қыш ыдыстар ерекше орын алады. Дені бай өрнекті, өте сәнді бұл ыдыстар екі топқа бөлінеді. Мұның көбі Орталық Қазақстанның көне мәдениеттерінен бастау алатын, андронов және беғазы-дәндібай дәстүріндегі қолмен жасалған ыдыстар. Екінші шағындау топты оңтүстік, яғни ортаазиялық мәдениеттерге тән, құмырашы дөңгелегінде жасалған ыдыстар құрайды. Оңтүстік Түгіскен-сақ дәуірінің ескерткіші. Мұндай қазылған 34 оба және сондай-ақ, солт. топтағы кесенелер маңынан қазылған 4 оба да, барлығы б.з.д. ҮІІ-Ү ғғ жататыны анықталған. Оның ішінде ескерткіштердің негізгі тобын құрайтын б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ обаларының топырақ үйіндісінің диам. 15-20 м, биіктігі-1-1,5 м. Тікбұрышты, тереңдігі 2 м-ге баратын шұңқыр қабірлер батыстан шығысқа созылған. Қабірдің беті ағаш бөренелермен жабылып, оның үстіне және айнала 2-5 м радиуспен қамыс қабаты төселген. Зерттелген сақ дәуірі обаларынан алмұрт пішіндес құмыралар, тікбүйірлі көзелер, аяқтар сынды көптеген қыш ыдыстар, қоладан құйылған ат әбзелдері, айналар, садақ жебелері, тас құрбандық ыдыстары табылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бақатам кесенесі
2 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
3 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
4 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.