Алтын асар қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан батысқа қарай 24 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Алтын асар қалашығы,
б. д.д. І мыңжылдықтың соңы-б.д. ІV-V ғ.ғ.

Ескерткішті 1948, 1958 жылдары Хорезм экспедициясы зерттеп (С.П.Толстов), 1978-1986 жылдары (Л.М.Левина) кешенді қазба жұмыстарын жүргізген. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.

Теңіз деңгейінен биіктігі 99 м. Қамал пішіні трапеция тәрізді, ауданы 17,4 га, кешен төрт қамалдан тұрады, олар әр кезеңде салынып, белгілі уақытта бір фортификациялық жүйеге біріктірілген. Ескерткіш екі қалашықтан, кіші үй және дөңгелек немесе сопақ пішінді екі қабатты төбеге ұқсас үлкен үйден тұрады. Ішіндегі ең көнесі болып қалашықтан солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан кіші үй мен оның екінші алаңы салынды. Орталық дөңгелек алаңның диаметрі 48 м, сақталған биіктігі 12 м. Бірқатар деректер қамалдың б.з.д. І мж ортасында тіршілік еткендігін дәлелдеп отыр. Бірнеше ғасырдан кейін үлкен үй салынған, алғашында ол екі қабаттан төмен болмаған. Жоғарғы алаңның өлшемдері-165х165 м, биіктігі-15 м. Б.з. І мж ортасында кешеннің солтүстік-батыс бұрышына қамал салынған, қабырғаларында атыс ойығы бар, ол дөңгелек пішінді, диаметрі 50 м. Алтын асар қамалдарының ең соңғысы бесбұрыш пішінді қамалсаналады. Ауданы 800 м2 болып келген ол үлкен үйдің екінші алаңының мәдени қабатында тұрғызылған. Бұл қоныс- қамалдың қорғаныс қабырғалары шаршы пішінді қам кесектерден (37х40х37-40х7х9 см) тұрғызылған, кіреберісі екі жақ қапталды және мұнаралармен күшейтілген, биіктігі-7 м. Алынған материалдар ескерткішті жетіасар мәдениетінің ІІ және ІІІ кезеңдеріне жатқызуға мүмкіндік береді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
2 / 5
Сырлытам кесенесі
3 / 5
Айтбай мешіті
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
5 / 5
Асанас кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.