Бидайық асар қалашығы

Мекен жайы: Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бидайық асар қалашығы,
б. д.д. ІІ ғ.-б.д. І V ғ.

Ескерткішті 1948 жылы Хорезм экспедициясы зерттеп(С.П.Толстов), 1973, 1976, 1978 жылдары (Л.М.Левина) кешенді қазба жұмыстарын жүргізген. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.

Теңіз деңгейінен биіктігі 101 м. Жоспары сопақша келген, сақталған биіктігі 6,5 м, өлшемдері 220х110 м болатын орталық алаң үш жағынан екінші алаңмен (биіктігі 7,5 м-ге дейін жетеді) қоршалған, сондай-ақ, оның үшінші бөлігі бар, ол орталық алаңға солтүстіктен жалғасып жатыр. Қамал қабырғаларымен (биіктігі 16 м дейін жетеді) шектелген, ол тікбұрышты, аумағы 65х53 м. Қазба жұмыстарының барысында (Л.М.Левина) ескерткіштің жалпы стратиграфиясы алынған, құрамына қамал жоспары мен фортификация құрылыстары енген, кемінде 17 күрделі құрылыстың болғандығы анықталған. Қалашықтың үш бөлігі де материктік қабатқа дейін қазылғанмен (мәдени қабаттардың қалыңдығы-16,5 м), төменгі құрылыс көкжиегі жеткілікті зерттелмеген. Дегенмен, Бидайық асар қалашығы, қоныстан және обалар қорымдарынан алынған материалдарға қарағанда, б.з.д. І мж өмір сүрген, үстіңгі мәдени қабаттары б.з. ІІІ-ІҮ ғғ мерзімделеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Көтібар мұнарасы
4 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )

Ақпарат

    Записей не найдено.