Базар асар қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жалпақ асар қалашығынан батысқа қарай 8,2 шақырым, Алтынасар қалашығынан солтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Базар асар қалашығы,
б. д. VІ-VІІІ ғ.ғ.

70-80 жылдары Хорезм экспедициясы (Л.М.Левина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.

Теңіз деңгейінен биіктігі 103 м. Қалашық тікбұрышты (ромбқа ұқсас) болып келген, аумағының өлшемдері 5,5 га. Ескерткіш атыс ойықтары бар және сопақтау келген шығыңқы жиырма бекіністі мұнарасы бар бекініс қабырғасымен қоршалған. Саз кесектерден тұрғызылған бекініс қабырғасының ішінде ешқандай құрылыстың ізі байқалмайды. Қамал қабырғаларын зерттеу барысында табылған керамикалық және басқа да материалдар ескерткіштің фортификациялық құрылысының хроникалық шеңберін б.з.ҮІ-ҮІІІ ғғ. мерзімдейді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Көтібар мұнарасы
2 / 5
Асан ата кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
4 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.