Қола дәуіріндегі адамдар тұрағы

Мекен жайы: Арал ауданы, Арал қаласынан шығысқа қарай 8 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қола дәуіріндегі адамдар тұрағы
б.д.д. ІV-ІІ мыңжылдықтар

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады.

Бүгінде ірі тұрақтар тобының орнын анықтау мүмкін болса, ал жекелеген еңбек құралдары және ұсақ керамика сынықтары түрінде сақталған тұрақтардың орнын анықтау мүмкін емес. Сондай жұқа қабатты тұрақтың бірі Арал қаласынан шығысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан деген мәлімет қалған қола дәуірінің тұрағы. Тұрақ орны сақталмаған. Оның орнын, ерекшеліктерін анықтау үшін ғылыми сараптама жұмыстарын жүргізу қажет.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қорасан ата кесенесі
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
3 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
4 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,

Ақпарат

    Записей не найдено.