Қара асар қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қара асар қалашығы,
б. д. VІ-VІІ ғ.ғ.

70-80 жылдары Хорезм экспедициясы (Л.М.Левина) біршама зерттеу жұмыстарын жасаған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеу жұмыстарын жүргізген. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады.

Қалашық шатқалдағы ең ірі ескерткіштердің бірі болып табылады. Екі қабаттан тұратын оның (қамалдың жан-жағынан қоршап жатқан төменгі, үшінші қабаты бар) аумағы 15 га, жеке бөліктерінің биіктігі 28 м-ге жетеді. Екінші алаң 10-12 м биіктікте сақталған. Басқа да жетіасарлық  қалашықтар секілді ескерткіштің беткі қабатында қыш ыдыстың сынықтары мен қызыл ангобты қыш құмыралардың сынықтары кездеседі. Беткі қабатынан жиналып алынған материалдар Жетіасардың барлық үш кезеңіне де тән, яғни, қалашықтың ұзақ уақыт бойы өмір сүргендігін дәлелдейді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
2 / 5
Қожан қожа мазары
3 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
4 / 5
Қорасан ата кесенесі
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.