Сеңгіртам қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 225 шақырым, Тәйімбет Көмекбаев ауылынан оңтүстікке 96 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Сеңгіртам қалашығы,
б.д.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ.

1972 жылы Хорезм экспедициясы анықтап, барлау қазба салған. 2005 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов, Ә.Тәжекеев) қайта зерттеген. 2012 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы фотофиксация жұмыстарын жасады. Сеңгірқала жоспары шаршы тәріздес (32х31,5 м) келген бұрыштары әлемнің төрт бөлігіне бағытталған үлкен үй-жай болып табылады. Беткі жағында ішкі жоспары анық байқалады. Ортасында ішкі аула ретінде үлкен бөлме орналасқан (15х18 м). Аула айналасын үйдің ішкі бетімен біркелкі бөлмелер қатарлана салынған. Ескерткіште 1972 жылы Хорезм экспедициясы (С.П.Толстов) барлау қазба жұмыстарын жүргізген, нәтижесінде тұрғын үй-жайлар мен шаруашылық бөлмелер ашылған. Ескерткіш б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. мерзімделеді және шірік-рабат мәдениетіне жатады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Сауысқандық петроглифтері
4 / 5
Қорасан ата кесенесі
5 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.