Жалпақ асар қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9,7 шақырым, Ақжар ауылынан батысқа қарай 21,7 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Жалпақ асар қалашығы,
б.д. VІ-VІІ ғ.ғ.

Қалажұрт өткен ғасырдың 40-50-жылдары ХАЭЭ (жет. С.П. Толстов) зерттелді. 70-жылдары ХАЭЭ (рук. Л.М. Левина) барлау жұмыстары жүргізілді. Қалажұрт төртбұрышты нысанды екі қабаттан тұратын төбеден құралған (солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс). Бірінші қабаттың солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бойы 226 м, оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бойы 258 м. Биіктігі – 258 м. Қамал орналасқан екінші қабатының солтүстік-шығыс бойы – 114 м, батыс-шығысы 137 м құрайды. Ішкі қабырға пахса блоктарымен қаланған. Қабырға қалыңдығы 7-8 м.  Солтүстік-батыста орналасқан ені 10-12 м есіктің жанында мұнаралар орналасқан. Мұнаралардың диаметрі 5-6 м, сақталынған қабырғалардың биіктігі 5-6 м. Солтүстік-батыс бұрышының ені 6-8 м, оңтүстік жағы 5-6 м. Бірінші қабаттың батыс бөлігінде қамал орналасқан және сол жерде оның бекініс және ішкі қабырғалары қабысады. Екінші қабаттың биіктігі 14,8 м. Оның есігі солтүстік бұрышында және шығыс жағында орналасқан. Бекініс қабырғаларының қалыңдығы 6 м жетеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
2 / 5
Асанас кесенесі
3 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
5 / 5
Айтбай мешіті

Ақпарат

    Записей не найдено.