Моншақты асар қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 48 шақырым, Ақжар ауылынан шығысқа қарай 13 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Моншақты асар қалашығы,
б.д.д. VІ-V ғ.ғ.–б.д.VІІІ-ІХ ғ.ғ.

ХХ ғ. 70-жылдарында ХАЭЭ сырдария отрядымен (жет. Л.М. Левина) табылды және зерттелді. Моншақты-асар қалажұрты екі қабатты төбеден тұрады. Төменгі қабаты көпбұрышты болып келеді, жалпы ауданы 150х150м, өзі орналасқан төбені толығымен қамтитын тегістелген алаңды құрайды. Төменгі қабаты маңайындағы жазықтықтан 5-7 м биіктікте орналасқан. Жеке тұрғын құрылыстарының қалдықтары табылмады. Жоғарғы қабаты қалажұрттың ортасында оңтүстік-шығыс жаққа қарай жылжытылып орналасқан. Мүмкін ол жалпы алаңы 50х50м, биіктігі 10-12м көмескі бес бұрышты бекініс құрылысы болды. Төменгі қабаты мен жоғарғы қабатына кіретін есіктері оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Қалажұрттың көптеген жерінде беті жылтырмен немесе балшықпен жалатылған қыш ыдыстардың фрагменттері кездеседі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
2 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
3 / 5
Бегім ана мұнарасы
4 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
5 / 5
Көтібар мұнарасы

Ақпарат

    Записей не найдено.