Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаевтың ескерткіші

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Үрмәш Түктібаев ауылы, Үрмәш Түктібаев көшесі, 45

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаевтың ескерткіші,
1985 жыл

Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев Қазалы ауданы "Сарыой" ауылыңда (қазіргі Түктібаев) 1917 жылы 17 қарашада дүниеге келген. Мектепте 6 кластық білім алады да, колхоз жұмысына белсене араласады. Ұжымшарда егіс бригадирі болып жұмыс істеген.

1941 жылдың 17 тамызында Қызыл Армия қатарына шақырылған. Ол алғашқы кезде пулеметші, кейін пулеметшілер бөлімшесінің командирі болды. Майданда төрт рет жаралаңды. Солтүстік-батыс майданда соғысқа қатысып, ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған. 1944 жылы 2-Прибалтика майданы 391-атқыштар дивизиясының 1280-полк құрамында Латыш жерін жаудан азат етуге қатысқан. Кіші сержант Ү.Түктібаев 1944 жылы 20 шілдеде Латвияда Лудза ауданы, Перели деревнясы түбінде қолма-қол шайқаста жаудың бірнеше солдатын өлтіріп, ерлікпен қаза тапқан. Ол Латвияның Лудзек ауданында Перзское деревнясындағы бауырластар зиратына жерленген.

 1945 жылдың 24 наурызында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ү.Түктібаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Батырға туған ауылында ескерткіш орнатылған. Қазіргі уақытта Әйтеке би кенті және Қазалы қаласында Үрмәш Түктібаевтың есімімен аталатын көше атаулары бар.

Бюст Түктібаев ауылының орталық көшесінде, «Тағзым алаңы» парк алаңында орналасқан. Бюст күйдірілген кірпіштен өрілген тіктөртбұрышты формалы қойылған. 1,5 м тұғырда гранит плитасында қазақ тілінде ойылып жазылған: «Үрмәш Түктібаев 1917 – 17.ҮІІІ.1944». Жоспарында өлшемі: 3,10х3,56 м, құрылыс көлемі – 33,6 м3.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бегім ана мұнарасы
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
3 / 5
Қожан қожа мазары
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.