Ақтау (Ерқанат) кесенесі

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 116 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ақтау (Ерқанат) кесенесі,
ХІХ ғ. соңы

Ақтау (Ерқанат) кесенесі Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Қазалы стансасынан оңтүстік бағытта 116 км қашықтықта, Қуаңдария өзенінің солтүстік жағалауының дөңес жерінде орналасқан.

Ескерткіш құм-сазды ерітіндіде күйдірілген кірпіштен (6,5х14х23 см) салынған. Құрылыс жоспары жағынан тікбұрышты, өлшемі 2х8,2 м, биіктігі 4,1м, бұрыштарында дөңгелек пішіндес бағаналары бар.

Кесененің ішкі жағында төрт доғал кесілген тікбұрышты іргетасқа қойылған аршылмаған және күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған құлыптас бар.

Жақтаулардың ортасында, жоғарғы жолақтың екі кірпішіне араб графикасымен 1901 жылы тұрғызылған күні жөнінде ойылып жазылған жазу бар.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Қорасан ата кесенесі
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
4 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
5 / 5
Сырлытам кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.