Өтеген кесенесі құлпытасымен

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылынан шығысқа қарай 3,5 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 22.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Өтеген кесенесі құлпытасымен,
ХІХ ғасыр

Ескерткіш әртүрлі кезеңдерге жататын аршылмаған дуалдар мен құлап қалған төбелерден құралған, ХІХ –ХХ ғғ. Қорымының солтүстік-шығыс бөлігінде құм бөктердің шыңында орналасқан.

Кесене жоспары жағынан төрткүл пішінді, төртбұрышты аршылмаған кірпіштен қаланған (8х20х40 см). Кесененің ауқымды өлшемі 8х8 м, сақталған биіктігі 6м. Құрылыс бір камералы, жайпауытты параболалық кейіпті күмбезбен аяқталған күшті цилиндрлі табаны бар. Диаметрі 6 м болатын күмбез негізі бойынша қалау құламасымен келтірілген, жоғарғы бөліктері қираған. Кесененің оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс жақтарынан гранитті тектес сұр және қоңыр тастардан жасалған құлпытас орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
4 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.