Әйтеке би ескерткіші

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 14.06.2021

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Әйтеке би ескерткіші, 2018 ж.

(Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Әйтеке Байбекұлы (1644-1700 ж.ж.) - қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлімұлы тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтижесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан. Әйтеке бидің шын есімі Айтық. Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

         Әйтеке бидей ұлыларды ұлықтау - бүгінгі ұрпақтың азаматтық парызы. Осыған орай, 2018 жылы облыстық бюджет есебінен Әйтеке биге арнап еңселі ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылуына арнайы Өзбекстан Республикасының Науаи облысындағы Әйтеке би кесенесінен топырақ әкелініп қойылды.

         Ескерткіш Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жаңқожа батыр көшесі, 130 мекенжайда орналасқан. Ескерткіш тұтас граниттен жасалған. Тұғырымен қосқандағы жалпы биіктігі - 12 метр, ескерткіштің өлшемі 3 натуралық өлшем 5,2 м. құрайды. Авторы - Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Қазбек Сатыбалдин.

 

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
2 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
3 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
4 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
5 / 5
Сырлытам кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.