Ә.Молдағұлова бюсті

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Көкенов көшесі, н/з. (№173 мектеп ауласында орналасқан)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ә.Молдағұлова бюсті

1997 жыл

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

 Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова - Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ қызы. Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. Шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты. 1925 жылы 25-қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрады. Ал 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектепте оқиды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйінен Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14-қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Батыр қыздың ерлігін ұлықтау мақсатында Қызылорда қаласы №112 мектеп ауласына Әлия Молдағұлованың мүсіні орнатылды. Бюсттің биіктігі-120 см, мрамордан жасалған. Төртбұрышты тұғырына орнатылған,биіктігі 160 см, бетоннан жасалған және сырты мрамор плиталармен қапталған. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне алынған. Бюст бетоннан жасалып, сырты ашық алтын түс бояумен сырланған. Бюст шеңберлі гранит тұғырға (диаметрі 80 см, биіктігі 160 см) қойылған. Тұғырдың негізі де бетоннан, сырты кафель плиткалармен қапталған. Негіздің жоспары төртбұрышты, көлемі – 270х350х25 см. Тұғырдың алдыңғы фасадына «Әлия Молдағұлова» деп жазылған. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі
2 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Асан ата кесенесі, ХҮІ ғасыр
4 / 5
Шірік-Рабат қалашығы
5 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)

Ақпарат

    Записей не найдено.